Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті»
КеАҚ Уральск қаласындағы филиалының жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Филиал жетекшісінің лауазымына жоғары медициналық білімі, ғылыми дәрежесі, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттыру өткен құжаты және денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Филиал жетекшісі:
- Университеттің Уральск қаласындағы филиалына білікті басшылықты, олардың қызметін үйлестіруді және оған есеп беретін жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге;
- Филиалдың қызмет мәнінің, міндеттері мен функцияларының орындалуын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;
- лауазымдардың біліктілікке қойылған талаптарға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Университет филиалының Уральск қаласында жасақталуын бақылауға және үйлестіруге;
- Филиал қызметімен байланысты, сондай-ақ барлық заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға қатысты мәселелер бойынша соттарда, мемлекеттік органдарда Университеттің мүдделерін қорғау (меншік нысанына қарамастан);
- Басқарма Төрағасы-ректормен келісіп, филиалдың банктік шоттарын ашуға және жабуға;
- Университет атынан сенімхат бойынша Уральск қаласында өз өкілеттігі шегінде әрекет етуге;
- Филиал қызметіне университет бекіткен жоспарларға сәйкес жетекшілік етуге;
- Университеттің өндірістік мәселелерін шешу бойынша Уральск қаласының түрлі ведомстволарымен және ұйымдарымен кәсіби қызметті және өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру (шарттарға қол қою, құжаттарды келісу және қол қою, іс-шараларда университет мүдделерін білдіру және т.б.).
- Университет мүддесі үшін Уральск қаласының негізгі және стратегиялық серіктестерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
- Уральск қаласындағы филиал жоспарларының іске асырылуын белгіленген мерзімде қамтамасыз етуге;
- Және тағы басқаларға міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары.
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
- Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса беред.
- Түйіндеме.
- Файл парақтары бар папка – 20, 30 парақ.
Жарияланған күні: 15 сәуір 2022 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 – кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail:hr@zkmu.edu.kz