«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Атырау қаласындағы филиалының жетекшісі бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Атырау қаласындағы филиалының жетекшісі бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос лауазымның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Атырау қаласындағы филиалының жетекшісі

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Филиал жетекшісі лауазымына жоғары медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласында кемінде 3 жыл басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі бар, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен тұлға тағайындалады.

 Функционалдық міндеттері:

Филиал жетекшісі міндетті:

  • Университеттің Атырау қаласындағы филиалына білікті басшылықты, олардың қызметін үйлестіруді және оған есеп беретін қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • Лауазымдардың біліктілік талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес университеттің Атырау қаласындағы филиалын жасақтауды үйлестіру және бақылау;
  • Университет атынан сенімхат бойынша өз өкілеттігі шегінде Атырау қаласында әрекет ету;.
  • Филиал қызметін университет бекіткен жоспарларға сәйкес басқару;
  • Университеттің өндірістік мәселелерін шешу бойынша Атырау қаласының түрлі ведомстволарымен және ұйымдарымен кәсіби қызметті және өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру (келісім-шарттарға қол қою, құжаттарды келісу және қол қою, іс-шараларда университет мүдделерін білдіру және т.б.);
  • Университеттің мүддесі үшін Атырау қаласының негізгі және стратегиялық серіктестерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • Атырау қаласындағы филиалдың жоспарларын белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз ету;
  • Директорлар кеңесі Төрағасының, Басқарма төрағасы – Ректордың сұрауы бойынша Атырау қаласындағы филиал қызметінің мәселелері бойынша ақпарат, есеп дайындауды жүзеге асыру;
  • Университеттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
  • Университеттің Атырау қаласындағы филиалының жұмысын үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету;
  • Университетті алға жылжыту және оның нарықтағы позициясын нығайту;
  • Университет қызметін атқару, оның мүддесін білдіру және қорғау; Атырау қаласы мен Атырау облысының клиникалық базаларында арнайы клиникалық мамандықтар бойынша ОПР игеруді ұйымдастыруға міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. Жоғары білімі, академиялық және (немесе) ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  3. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби – консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитеті беретін есепке алу және арнайы есепке алу бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  8. конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне қатысты қосымша ақпаратты, ғылыми жарияланымдардың тізімін, сертификаттарды, дипломдарды және т.б. ұсынуға құқылы.
  9. Университеттің штаттық қызметкерлері үшін құрылымдық бөлімше жетекшісінің мінзедемесі;
  10. Түйіндеме.

Жарияланған күні: 5 қараша 2021 ж.

 Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25. e-mail: hr@zkmu.edu.kz