«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Экономика және стратегиялық жоспарлау бөлімі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Экономика және стратегиялық жоспарлау бөлімі жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Экономика және стратегиялық жоспарлау бөлімінің жетекшісі

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Экономика және жоспарлау бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары кәсіби білімі (экономикалық), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар не басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Функционалдық міндеттері:

Экономика және стратегиялық жоспарлау бөлімінің жетекшісі:

1) Университеттің даму жоспарын әзірлеу үшін ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асырады;

2) Даму жоспарын қалыптастыру және бекіту жұмыстарын үйлестіреді;

3) Қаржы-шаруашылық қызметінің нақты көрсеткіштері мен есептік деректерін талдайды;

4) шығындардың (материалдық, қаржылық, еңбек) жоспарлы нормативтерін әзірлеуді ұйымдастырады;

5) Университеттің даму жоспарын орындайды;

6) Университеттің даму жоспарының кіріс және шығыс көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды;

7) даму жоспарының кіріс бөлігі бойынша ауытқуларды және орындалмау себептерін және шығыс бөлігі шығындары баптарының артық жұмсалуын талдайды;

8) басшылық шешім қабылдаған және қаражатты жұмсау негізділігі (түзету) жағдайында даму жоспарына түзетулер енгізеді. Көрсетілетін қызметтерге бағалау жобаларын әзірлейді;

9) даму жоспарының орындалуы бойынша есептілікті жасайды және ұсынады.

10) тиісті ақпараттық материалдарды ұсына отырып, бөлім құзыретінің мәселелері бойынша университет басшылығы өкімдерінің орындалмау және/немесе уақтылы орындалмау себептерін талдайды.

11) университет көрсететін қызметтерге бағаларды қалыптастыру, келісу және бекіту рәсімдеріне жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

12) университет ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде үнемдеу режимін қамтамасыз ету, тиімділік пен рентабельділікті арттыру, шығындар мен өнімсіз шығыстарды төмендету бойынша ұсынымдарды әзірлейді және іс-шараларды іске асыруға қатысады;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) маман сертификаты/ клиникалық қызметке жіберу және құрылымдық бөлімшенің бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының болуы;

5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда). Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектерінің тізімін ғылыми хатшы растайды;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

10) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

11) университетте жұмыс істейтін тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.

Жарияланған күні: 2 наурыз 2022 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 103 кабинет. Тел.: +7(7132) 55-20-58. e-mail: @zkmu.edu.kz