Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Сатып алу бөлімінің жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Сатып алу бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары білімі бар, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Сатып алу бөлімінің жетекшісі:
- Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдері бойынша материалдық жабдықтау қызметімен және жоспарлау бөлімімен (экономистермен) бірлесіп жасалған тиісті қаржы жылына арналған сатып алу жоспарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруға және жеке өзі жетекшілік етеді.
- Сатып алу бөлімінің жұмысына жетекшілік етуге, бөлім менеджерлерінің арасында белгілі бір тауар топтары үшін және жұмыстың қосымша бағыттары үшін жауапкершілікті бөледі.
- Жұмыстарды және қызметтерді сатып алу тәртібі мен рәсімін, сатып алу бойынша мәмілелер жүргізу өлшемдері мен нормаларын айқындауға, өнім берушілермен есеп айырысу тәртібін айқындайды және келіседі.
- Қаржы жылына арналған сатып алу жоспарын құру және іске асыру бойынша бақылау жүргізеді.
- Сатып алу бөлімінің басқа құрылымдық бөлімшелермен: экономика және жоспарлау департаментімен, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімімен ағымдағы өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
- Сатып алу бойынша конкурсты өткізу бойынша конкурстық құжаттаманы дайындауды және жасауды бақылайды.
- Экономика және жоспарлау департаментімен бірлесіп жеткізушілермен өзара есеп айырысуды ұйымдастырады, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алған жағдайында пайда болған университеттің кредиторлық берешегінің жай-күйін қадағалайды.
- Бөлім шығындарының сметасын қалыптастырады, ондағы мәліметтердің дұрыстығына кепілдік береді, олардың орындалуын бақылайды.
- Шарттық міндеттемелерді бұзған кезде өндірушілермен және жеткізушілермен талап-арыз жұмысын ұйымдастырады және бақылайды, осы шағымдар бойынша есеп айырысу жүргізеді, жасалған шарттардың талаптарын өзгертуді келіседі.
- Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мен дайындықтарды, қойылатын талаптарға сәйкес құжаттардың уақытылы және сапалы дайындалуын бақылайды.
- Университет және оның бөлімшелері бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады.
- Жұмыста пайдаланылатын құжаттар мен олардың бланкілерін есепке алуды, жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
- Уәкілетті емес адамдардың бөлімде сақталатын құжаттарға қол жеткізуін болдырмайды.
- Өз жұмысында және осы жұмысқа қатысты құжаттарға құпиялылық талаптарын сақтайды және қамтамасыз етеді, университеттің коммерциялық құпиясын сақтау режимін қамтамасыз етеді және бақылайды.
- Есептіліктің барлық белгіленген нысандарын дайындауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, мәліметтердің дұрыстығын растайды (бұрыштама қояды).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
- Университетте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді.
Жарияланған күні: 20 сәуір 2022 жыл.
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25.
e-mail:hr@zkmu.edu.kz.