Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Пайдалану жұмыстары жөніндегі департамент жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Пайдалану жұмыстары жөніндегі департамент жетекшісінің лауазымына жоғары кәсіби білімі және инженерлік-техникалық және басшылық лауазымында өндірісті жедел басқару жөнінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
Пайдалану жұмыстары жөніндегі департаментінің жетекшісі:
- Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын, өндіріс барысын пайдалана отырып, жедел реттеу жөніндегі жұмысқа басшылық жасауға.
- Өндірістің техникалық құжаттамамен, жабдықпен, құрал-саймандармен, материалдармен, жинақтаушы бұйымдармен, көлікпен, тиеу-түсіру құралдарымен және т. б. қамтамасыз етілуіне жедел бақылауды ұйымдастыруға.
- Өндіріс барысын, өндірістің жай-күйі мен жинақтылығын, жұмыс орындарында белгіленген нормалардың сақталуын, көлік құралдарын ұтымды пайдалануды және жөндеу-құрылыс жұмыстарын уақтылы орындауды күнделікті жедел есепке алуды қамтамасыз етуге.
- Университет бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруге, өндірісті орындау қарқынын қамтамасыз етуге, өндірістік процесс барысының бұзылуын алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдауға.
- Тауар-материалдық құндылықтар шығыстарын есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етуге, өндірістік жұмыс мәселелері бойынша жоспарлау мен есептілікке басшылық жасауға.
- Ұйымның материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуге.
- Жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірісті уақтылы және сапалы дайындауды, жабдықты техникалық пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етуге.
- Шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептіліктің уақытылы ұсынылуын, ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, құралдардың, жабдықтар мен тетіктердің техникалық пайдаланылуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етуге.
- Университет бөлімшелерінің өзара талаптары мен талаптарын орындауды бақылауға, қуаттарды, жабдықтарды және өндірістік алаңдарды неғұрлым толық және біркелкі жүктеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында алдыңғы жоспарлы кезеңдегі олардың қызметінің нәтижелерін талдауға.
- Техникалық жаңалықтарды, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды, озық тәжірибені анықтау және игеру бойынша жұмыс жүргізуге.
- Өндірістің ағымдағы есебін жедел жоспарлауды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастыруға міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 075/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, сертификаттар, дипломдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
- Университетте жұмыс жасайтын тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса береді;
- Файл парақтары бар папка-20 парақ.
Жарияланған күні: 24 наурыз 2022 жыл.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу қажет.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7 (7132) 54-69-25 e-mail:hr@zkmu.edu.kz