* Ғылыми зерттеудің патенттік жиілігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру және орындау, оны өткізуде құрастырушыларға әдістемелік көмек көрсету, болжанған өнертабысты әзірлеу;
* Ұлттық зияткерлік меншік институтына (ҰЗМИ) құжаттарды тапсыру және ресімдеу кезінде кеңес беру және практикалық көмек көрсету;
Өнертабыс авторларының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
Біріншілік патенттік-ақпараттық ізденіс жүргізілгендігі туралы анықтама беру (тапсырма, есеп).
Нормативтік-құқықтық құжаттама:
– Қазақстан Республикасының Патент заңы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000427_
– Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z960000006_
Өнертабысқа патентті беруге өтінімде келесі құжаттар болуы тиіс:
1. Қазақстан Республикасының өнертабысқа патентін беру туралы өтініш. Өтініште патент сұралатын тұлғалар мен өнертабыс авторлары, сонымен бірге олардың тұратын немесе орналасқан жері туралы ақпарат көрсетілуі тиіс;
2. Тиісті сала маманы тарапынан жүзеге асыруға жеткілікті өнертабыстың толықтығын ашып көрсететін өнертабыстың сипаттамасы;
3. Өнертабыс нысанын анықтайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыстың формуласы. Формула нақты, анық және сипаттамаға негізделуі тиіс,
4. Өнертабыстың мәнін түсінуге қажетті сызбалар мен өзге материалдар;
5. Реферат;
6. Іс жүргізуді өкіл арқылы жүргізген жағдайда, сенімхат;
7. Өтінімді қабылдағаны үшін төлемді растайтын құжат.