Изтлеуов Ерболат Маратұлы – м.ғ. к., доцент, жоғары санатты сәулелік диагностика дәрігері, 250 ғылыми жұмыстың авторы. Әдістемелік құралдары, авторлық куәліктері және патенті бар. Хирш Индексі – 4.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіненалғыс хат алды, 2017 жылы – ЖОО дамуына қосқан үлесі үшін “Құрмет” төсбелгісімен марапатталды. Сол жылы Н.И. Пироговтың қоғамдық медалімен, 2020 жылы “Денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
Кадрлық құрам:
Мутигулина Гулбану Амангосовна – медицина ғылымдарының магистрі, кафедра доценті.
Елубаева Алма Елубаевна – медицина ғылымдарының магистрі, кафедра доценті.
Шенгелбаева Айгерим Кенжебековна – кафедра ассистенті.
Кафедра тарихы:
Рентгенология курсы 1959 жылы Актюбе медициналық институының ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы жанынан құрылды. Рентгенология курсының алғашқы меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Брусиловский Евгений Алексеевич тағайындалды.
Одан кейін 1971 жылдан 1995 жыл аралығында рентгенология және радиология кафедрасының меңгеруші болып профессоры Смагулов Әжмаги Смагұлұлы жұмыс жасады. 1975 жылы аспирантурадан кейін, кандидаттық дисертацияларын сәтті қорғап, Султанов Т.А. және Шайхимов Е.Ш. кафедрада жұмыс жасай бастады. Сонымен 1975 жылы кафедрада ғылыми атағы бар 5 оқытушы жұмыс жасады.
1995-2009 жж. сәулелік терапия және сәулелік диагностика курсынм.ғ.к., профессор Т.А. Султанов басқарды.
Одан кейін 2009 жылдан визуалды диагностика курсына жауапты болып м.ғ.к., доцент Кибатаев К.М. тағайындалды.
2009 жылдары кафедра Шарипов Р.А., Көшкімбаев А.Т, Нуртаева С.М., Хабиева А.Б., Г.А. Мутигулина, қоса жұмыс атқарушы С.А. Алдияров т.с.с. жас мамандармен толықтырылды.
1996ж – 2023ж. радиология кафедрасы ішкі аурулар пропедевтикасы, онкология және клиникалық зертханалық диагностика кафедраларына қатысты визуалды диагностика курсы ретінде жүргізілді. Ал, 2023 жылдан бастап радиология кафедрасы болып бөлініп шықты.
Мақсатымыз: Ғылыми-педагогикалық және клиникалық қызметті үздіксіз арттыру, сол арқылы университеттің дамуына үздіксіз үлес қосу және әртүрлі патологияларды диагностикалау саласында білімі мен кәсіби құзыреттілігі бар жоғары білікті сәулелік диагностика дәрігерлерін даярлау.
Қызметі: Кафедрада “Медицина”, “Стоматология”, “Әскери медицина” мамандықтарының 3 курс студенттері, “Жалпы медицина” мамандығының 6 курс студенттері, “Онкология”, “Эндокринология”, “Радиология” мамандығының резиденттері оқиды. Кафедра қызметкерлері “Профилактика спонтанного онкогенеза у первого поколения крыс, родители которого подверглись воздействию гамма-облучения и хрома (эксперимент).” тақырыбына Республикалық гранттық ғылыми жұмысымен айналысуда.” – 2023-2025 жж. Сонымен қатар кафедра қызметкерлері “Салауатты ауыл – 3 күн ішіндегі скрининг. Сүт безі обырын ерте диагностикалаудағы IT технологиясы” тақырыбына Республикалық гранттық ғылыми жұмысына өтінім берілді.
Кафедраның жетекшісі мен доценттер мамандығы бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарын жүргізеді жәнеорта буын медициналық персоналдарға “сәулелік диагностика” мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткізеді. Кафедра қызметкерлері БҚМУ Медициналық орталығының базасында сәулелік диагностика бөлімшелерінде клиникалық жұмыс жүргізеді, сүт бездерінің 2 – оқылымдық скринингін, сүт бездерінің стереотоксикалық биопсиясын және дуктография жүргізеді.
Жетістіктері: Кафедраның құрылуымен 2023 жылы сәулелік диагностика мамандығы бойынша резидентура ашылды. Резиденттер БҚМУ МО, АЖККА(БСМП), АМО, АОДБ, АОФПЦ базасындағы сәулелік диагностика бөлімшесінде дағдыларды алады. Кафедра қызметкерлері УДЗ, КТ, маммографиялық клиникалық қызметтерді ПМПК – жылжымалы медициналық кешенде жүргізуді жоспарлап отыр.
Байланыс: М. Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ медициналық орталығы, Жаңақоныс 8, 3 қабаттағы №339, 340 оқу бөлмесі., сәулелік терапия бөлімшесінде №3 оқу бөлмесі, химиотерапия бөлімшесінде №4 бөлме. @-mail: radiologiya@zkmu.kz
Байланыс телефондары: 8 775 698 88 66, 8 775 343 44 85.
Фотогалерея: