Құрметті талапкерлер!
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша төмендегі білім беру бағдарламаларын таңдайтын талапкерлер психометриялық тест тапсыруы қажет.
– ВМ086 Медицина
– ВМ088 Педиатрия
– ВМ087 Стоматология
– В084 Мейіргер ісі
– ВМ089 Медициналық профилактикалық іс
20 маусымнан 12 шілдеге дейін грант конкурсына қатысатын талапкерлерге психометриялық емтиханға тіркелу және тапсыру сілтеме бойынша онлайн режимінде жүзеге асырылады https://t.me/zkmu_university_bot
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
2) 3 x 4 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжат;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса).
Психометриялық тест тапсыру үшін, төмендегі алгоритмді қайталаңыз: https://t.me/zkmu_university_bot
- Қабылдау комиссиясы.
- Психотест батырмасын басыңыз.
- Тестке тіркелу батырмасын басыңыз (бот сұраған мәліметтерді жіберіңіз және сәтті тіркелу командасынан кейін операторлар сіз жіберген мәліметтерді тексеріп, сізге тестке логин және құпия сөз береді).
- Тестке логин және құпия сөз алу үшін менің логинім батырмасын басыңыз.
- Тест тапсыру батырмасын басыңыз (Тест аяқталғаннан кейін бот сізге сертификат береді. Сертификатты алу үшін сертификат батырмасын басыңыз).
- Сертификат батырмасын басқаннан кейін логин енгізіп, бот дайындаған сертификатты жүктей аласыз.