Оқу-әдістемелік бөлім – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Оқу-әдістемелік бөлім

Академиялық жұмыстар департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оқу-әдістемелік бөлімнің мақсаты университеттегі білім беру үдерісінің шарттары мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптарға сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыру, жалпы жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі міндеттері: оқу үдерісін жоспарлау; білім алушылар контингентін есепке алу; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және үлгілік оқу жоспарларының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарларын, академиялық күнтізбелерді әзірлеу; университет кафедраларының ПОҚ-ның оқу жүктемесінің көлемін есептеу; білім беру үдерісін әдістемелік қолдау.

Оқу-әдістемелік бөлімнің жетекшісі – Марданова Жанар Едиловна.

Әдіскерлер: Каржаубаева Гулзира Нурахметовна, Қамыспаева Айжан Омаровна, Қорғанбекова Құралай Қуандықовна, Камалбек Аружан Талғатқызы

Мамандар: Изтлеуова Даража Жоламановна, Рамбай Айдана Женисовна, Иса Ханша Толегеновна

Байланыс ақпараты:

Ақтөбе қаласы

Маресьев көшесі, 68, бас ғимарат, 401, 403, 406, 407, 408-кабинеттер

Тел. 56-33-34

Эл.пошта: uo@zkgmu.kz