ҚР ДСМ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК 6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес 6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша «Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайдың дамуына гомоцистеиннің әсері» тақырыбында Гайдай Андрей Николаевичтің (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы жөнінде хабарлайды.
Диссертациялық жұмыс Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің №2 акушерия және гинекология кафедрасында жасалды.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ғылыми жетекші:
Тусупкалиев Акылбек Балашович – м.ғ.к., доцент, М.Оспанов атындағы БҚММУ №2 акушерия және гинекология кафедрасының жетекшісі, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы.
Бермагамбетова Сауле Кабиболлаевна – м.ғ.к., доцент, М.Оспанов атындағы БҚММУ ЖОО-нан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Rosita Aniuliene – PhD, акушерия және гинекология кафедрасының профессор, Литвалық денсаулық ғылымдары университеті, Каунас, Литва.
Ресми рецензенттер:
1. Сейдуллаева Лайла Алтынбековна – медицина ғылымдарының кандидаті, Астана медициналық университетінің интернатура бойынша акушерия және гинекология кафедрасының доценті, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
2. Кудайбергенов Талгат Капаевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Репродуктивтік медицина институттың ғылыми істер жөніндегі директоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Қорғау 2019 жылы 21 ақпанда сағат 9-00-да Марат Оспанов атындағы БҚММУ «Медицина» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекенжайы: 030019, Ақтөбе қ., Маресьев к., 68, ректорат залы.
Хабарландырудың және қосымшаның мәтіні орналасқан диссертациялық кеңес сайты: zkmu.edu.kz.
Ғылыми хатшысы: Утепкалиева Айгуль Пазылбековна, тел. 8/7132/56-34-25; (ұялы тел.) +7 747 219 33 23; e-mail: aiguler72@zkmu.kz; info@zkmu.kz.