Жастар ісі жөніндегі қызметі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Жастар ісі жөніндегі қызметі

Жастар ісі жөніндегі қызмет жетекшісі: Жумагалиева Мирамгуль Сериккалиевна. Білімі жоғары (Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университет, 1997-2001 жж.)

Кадрлық құрам:

  1. Қаниева Айнұр Жәнібекқызы
  2. Нурбаева Жанар Абдикалыковна
  3. Төремұрат Аружан Нұркенқызы
  4. Айекешова Айнұр Сәбитқызы
  5. Сундетова Бакытгуль Раульовна

Құрылу тарихы:

Жастар ісі жөніндегі қызмет тарихы 17 жыл бұрын, сонау 2006 жылы Жасұлан Төремұратұлы Жанайдаровтың жетекшілігімен басталған болатын. Ол кездері қазіргідегідей көп студенттік ұйым болған жоқ, тек қана «Жалын» дебат клубы, «Жедел жәрдем» КВН командасы, «ЖасStar» би үйірмесі, «Серпер» ұлттық аспаптар тобы, «Ювентус» студенттік хоры жұмыс жасайтын. Уақыт өте белсенді студенттердің көбеюіне байланысты ұйымдардың да саны артып, жұмыс көлемі ұлғайды. Қызмет ең әуелі тәрбие орталығы деп аталды, кейін әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орталық болды. Орталық жетекшісі Башбаева Муслима Абдукаримқызынан соң басшылық қызметке Жумагалиева Мирамгуль Сериккалиқызы тағайындалып, 2010 жылдан бері абыройлы жұмыс атқарып келеді.

Ал 2023 жылдың ақпан айынан бастап жастар ісі жөніндегі қызмет болып, бөлек құрылымдық бөлімше ретінде өз жұмыстарын жалғастыруда.

Міндеті:

Жастар ісі жөніндегі қызмет – университеттегі мемлекеттік жастар саясатын, азаматтық-патриоттық, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиені жүзеге асыратын негізгі құрылымдық бөлімше. Жастар ісі жөніндегі қызметтің негізгі міндеттері – студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, белсенді студенттерді қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту, дарынды студенттерді қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуын ұйымдастыру болып табылады.
Қызмет жанында келесі ұйымдар жұмыс жасайды:

  1. «Сұңқар» спорт клубы
  2. «Сыр мен сымбат» қыздар клубы
  3. «Жалын» пікірсайыс клубы
  4. Алина Гизатуллина атындағы студенттік хор
  5. «MedSTARS» талантты жастар ұйымы
  6. Халықтық ұжым «ЖасStar» би ансамблі
  7. «Оспанов құрамасы» КВН командасы
  8. «Серпер» ұлттық аспаптар ансамблі
  9. «Достық» студенттік клубы
  10. «Жас қалам» жас ақындар мен көркемсөз оқу шеберлерінің клубы

Қызметі:

Университетте қоғам мүддесі үшін шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жастардың мәдени, ғылыми, кәсіби қалыптасуын реттейтін жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Жыл бойы тұрақты түрде студенттерге кәсіби тәрбие беру мақсатында университет жатақханаларында профессорлармен, алдыңғы қатарлы оқытушылармен кездесулер өткізіліп келеді. Аталған кездесулер барысында студенттер өз мамандықтары бойынша қосымша мәліметтер мен аға буын профессорлардың жеке іс тәжірибелері мен дәрігерлік деонтология туралы ақпарат алады.

Сонымен қатар студенттерді ақпараттандыру мақсатында бопсалау, қаржылық пирамидаларға араласу, есірткіге құмарлықты, лудомания, қаржылық алаяқтықтың алдын алу сияқты тақырыптарда құқық қорғау органдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру, СПИД орталығы, қалалық және облыстық ресурстық орталық мамандарымен кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Қызметтің тағы бір негізгі бағыттардың бірі ол Кураторлар Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру. Жыл сайын әрбір 1 курс топтарына университет оқытушылар мен қызметкерлері арасынан кураторлар тағайындалады. Рухани, ғылыми, адами және шығармашылық бағытта өзіндік дамытуға бейім кәсіби, білімдар мамандарды қалыптастыру топ кураторларының белсенді жұмысы арқылы атқарылып жатыр.

Қызмет мамандары университет жанындағы студенттік жатақханаларға студенттерді орналастыру, ауыстыру, рейд жасау, тәртіп бұзған студенттермен жұмыс жасау, студенттік комитеттің жұмысын үйлестіру, сенбілік пен жиналастыр ұйымдастыру жұмыстарын жыл бой тұрақты түрде жүргізеді.

Жыл бойы жастар ісі жөніндегі қызмет бірқатар мерекелік шараларды ұйымдастырады. Мәселен «Студент қатарына қабылдау», «Жас талап» студенттік ұйымдар жәрмеңкесі, Республика күні, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, университетіміздің мерейтойлары, еске алу кештері, түрлі деңгейдері спорттық турнирлердің ашылу және жабылу салтанаттары, түрлі тақырыптардағы челлендждер, шет ел студенттері үшін Дивали мен Наваратри мерекелері, облыстық және университетішілік пікірсайыс турнирлері, факультет аралық КВН ойындары, республикаға танымал ақын жазушылардың шақыртуымен поэзия кештер мен жас ақындар байқаулары.

Жетістіктері:

Жумагалиева Мирамгуль Сериккалиевна:

  1. «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, 01.12.2022 ж.
  2. Ақтөбе облысы әкімі Е.Тоғжанов атынан Алғыс хат, 2023 ж.

Нурбаева Жанар Абдикалыковна:

  1. Марат Оспанов ат. БҚМУ ректоры атынан Алғыс хат, 2022 ж.
  2. ҚР Денсаулық сақтау Министрі А.Ғиният атынан Алғыс хат, 2023 ж.

Каниева Айнур Жанибековна

  1. «ҚР ЕҢБЕК ОЗАТЫ» байқауының жеңімпазы, 2023ж
  2. Ақтөбе облыстық Кәсіподақ ұйымы атынан Алғыс хат, 2023ж

Байланыс:

Аққағаз Досжанова көшесі, 6, № 5 студенттік жатақхана, 2 блок, 109 кабинет, жетекші телефоны 87718585180, odm@zkmu.kz