1. Арнайы емтиханды (психметриялық тестті кімдер тапсырады?
Жауап: Психметриялық тест «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Мейіргер ісі», «Медициналық-профилактикалық іс» білім бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған.
2. Психометриялық тестті онлайн тапсыруға бола ма?
Жауап: болады, университет сайтында және қабылдау комиссиясының инстаграмм парақшасында тіркелуге сілтеме берілген. Тіркелген соң тест тапсыруға сілтеме беріледі.
3. Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына өтініш беру қай кезде болады?
Жауап: 13 шілде мен 20 шілде аралығында.
4. Ақылы оқуға түсетіндерге психометриялық тест тапсыру қажет пе, қай мезгілде тапсыру керек?
Жауап: мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысушыларға 13 шілдеге дейін тапсыру қажет, ақылы оқуға түсушілерге 20 тамызға дейін тапсыруға болады.
5. Қысқартылған оқу түрлеріне грант бар ма?
Жауап: жоқ, тек ақылы оқиды.
6. Мен медициналық колледж бітірдім, жоғары оқу орнына «Медицина» білім бағдарламасына ҰБТ тапсырмай өте аламын ба?
Жауап: жоқ, ҰБТ міндетті түрде тапсыру қажет.
7. «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім бағдарламаларына шекті балл қандай?
Жауап: 70 балл.
8. Мемлекеттік білім беру гранттарына өту үшін шекті балл қандай?
Жауап: мемлекеттік білім беру гранттарына шекті балл жыл сайын өзгеріп отырады, ол конкурс нәтижесіне байланысты білім бағдарламасына конкурсқа қанша адам қатысты, олардың ҰБТ нәтижелереі қандай, соған байланысты өзгеріп отырады.