Познань университетіндегі «Онкология: онкологиялық зертханалық диагностика» тренингі

Марат Оспанов атындағы БҚМУ оқытушыларына арналған «Онкология: онкологиялық зертханалық диагностика» атты оқу семинары PUMN, Poznan University of Medical Sciences, Universytet Medyczny im. Karola Marcinkowskiego өтті.

Тренинг дәрістері мен семинарларына БҚМУ қызметкерлері Р.А. Арингазина, В.И. Кононец, Г.А. Султанбекова, А.Б. Жарылгапов, А.К. Жылкыбекова қатысты.

Семинар барысында тыңдаушылар Познань медициналық унверситетіндегі пәнді оқыту ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды.

Профессор Славомир Михалак (Slawomir Michalak) тренинг қатысушыларын нейроонкологиядағы зертханалық диагностика және неврологиядағы (инсульттер) төтенше жағдайлардың диагностикасы курстарының құрылымымен таныстырды, аталмыш жағдайлардың диагностикасын жақсартудың әзірленген жүйесін уақыт үнемдеу есебінен ұсынды. Сонымен қатар осы мақсаттарға қолданатын зертханалық құрылғы ұсынылды. Әдістердің біразы дерлік қолданыста мейлінше қарапайым, бірақ олар уақытты едәуір қысқартып, өмір сүру болжамын арттырып, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Семинар профессор Михалактың тәжірибесіндегі клиникалық жағдайлармен суреттелді.

Профессор Эва Высоцка (Ewa Wysocka) дәріс оқып, гериатриядағы клиникалық зертханалық диагностиканың ерекшеліктері жөнінде семинар өткізді. Әртүрлі патологиялық процестерде патобиохимиялық және патофизиологиялық өзгерістерді студенттер қатар қарастыруы қажет екендігіне басты назар аударылды: яғни клиникалық биохимия және клиникалық патофизиология бағдарламалары уақытқа сиюы қажет, сонымен қатар осы мезетте алмасу бұзылысы мен организм жағдайы аспектілерінің қайсысы қарастырылып жатқанына байланысты нақты клиникалық пәндермен уақытқа сай байланыстырылуы қажет.

Сабақтар онкологиялық аурухана базасында өтті. Онкология клиникасының бас дәрігері, профессор Родриг Рамлау (Rodryg Ramlau) және профессор Дариуш Ижицкий (Dariusz Izycki), онконауқастарды емдеу бағдарламалары бойынша координатор әртүрлі локализацияның қатерлі ісіктерін диагностикалаудың қолданыстағы әдістерін ұсынды.

Басты назар ерекше клиникалық мән беретін лабораториялық диагностиканың пәнаралық сипатына аударылды.

Тренингті өткізудің негізгі идеясы лабораториялық диагностика бойынша, атап айтқанда осы салада болашақ дәрігерлерді табысты даярлауды қамтамасыз етуге тиісті БҚМУ-де онкологиялық лабораториялық диагностика бойынша оқу процесін жетілдіру қажеттілігінен туындады.