Белсенділік үшін – «Алғыс хат»

Марат Оспанов атындағы БҚМУ адам ресурстарын басқару департаменті Бос орындар Форумына қатысты.

Іс-шараны Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды.

Форум аясында медицина университетінің кадр қызметінің мамандары әлеуетті үміткерлермен әңгімелесу өткізіп, түйіндемелер базасын толықтырды.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ белсенді қатысқаны үшін Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының алғыс хатымен марапатталды.