Залика Клеменс-Кетис Ақтөбеде

2020 жылдың қантардың 27 мен 31 аралығында «Visiting professors» бағдарламасы аясында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-не дәріс оқуға Марибор университетінен (Словения) Жаңұялық медицина кафедрасының жетекшісі профессор Залика Клеменс Кетис келді.

Профессор №1 Жалпы дәрігерлік практика коммуникативті дағдылар курсымен «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студентдеріне тәжірибе сабақтарын өткізіп, резиденттер мен профессорлық-оқытушылық құрамға жалпы тәжірибелік практикансының өзекті мәселелері бойынша дәріс оқитын болады.

Тәжірибелік сабақтар мен дәрістер болашақ дәрігерлердің WONCA стандартына сәйкес отбасылық дәрігердің 6 негізгі атрибуты бойынша құзіреттілігін дамытуды көздейді. Пациентке бағытталған күтім, жан-жақты көзқарас, нақты мәселелерді шешу және т.б. мәселелерді қарастырады. 

Сонымен қатар, профессор Залика Клеменс Кэтис Қазақстан мен Қырғызстандағы отбасылық медицина саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасын күшейтуге бағытталған Эразмус + бағдарламасы бойынша жобалық ұстанымды дайындауға қатысады.