Тарихта із қалдыр

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің мұражайы қазіргі таңда мәдени мұраның еш кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ететін, сирек кезігетін оқулықтардың жинағы ретінде кітапхана не болмаса мұрағаты деп танылады.

«Тарихта із қалдыр» атты науқанының көмегімен біздің қор өмірден озған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР білім білім беру саласының үздігі, ҚР журналисттер одағының мүшесі Төлепбергени Төлеубай Төлепбергенұлының жеке кітапханасынан /13 энциклопедия/ атты қайталанбас, бірегей жинағымен толықтырылды.

Аталған кітпатар профессордың қызы, Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медицина университеті қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Төлепбергени Жанар Төлеубайқызы жеткізді сыйға тарту етті. Мұндай науқандар оқулықтарды сақтап және мұражайға келуші студенттер мен өзге де қатысушылардың пайдалануға деген мүмкіндіктерін туғызады.

Мұражай қызметкерлері Жанар Төлеубайқызына тығыз серіктес болғаны үшін және қорды толықтыруға ат салысқаны үшін өз алғыстарын білдіреді.