Жиеналин Ерлан Шуенишбайұлы
2021 жылғы 22 маусымдағы №5 хаттама “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалды
Жиеналин Ерлан Шуенишбайұлы – Атқарушы директор, Басқарма мүшесі.
1987 жылы 28 сәуірде Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген, қазақ.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, және де Қазақстан-Ресей халықаралық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. «Құқықтану» мамандығы бойынша академиялық магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2009 жылдың қараша айында «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» РМКК заңгер болып бастаған. 2012 жылдан бастап «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеаҚ заң бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың сәуірінен бастап «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеаҚ Атқарушы директорының міндетін атқарушы болып жұмыс атқарды.
2019 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан алесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.