Докторант Токшилыкова Айнур Бисенбаевнаның философия докторы(PhD) дәрежесін алу құжаттары
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жанындағы 6D110100 – 8D101020 «Медицина» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Токшилыкова Айнур Бисенбаевнаның 6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша «Мидың жедел тамырлық және жарақаттық зақымданулары бар науқастарда екіншілік зақымдануларды болжау және алдын алу» тақырыбындағы диссертациясын қорғайтыны туралы хабарлайды.
Диссертациялық жұмыс «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ, анестезиология және реаниматология кафедрасында орындалды.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми кеңесшілер:
Саркулова Жанслу Нукиновна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, анестезиология және реаниматология кафедрасының жетекшісі, КеАҚ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті», Ақтөбе қ., Қазақстан.
Tomas Tamosuitis – қауымдастырылған профессор, медицина докторы, қарқынды терапия кафедрасы, Литва Медицина ғылымдары университеті, Каунас, Литва Республикасы.
Ресми рецензенттер:
- Махамбетов Ербол Тарғынулы – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, “Ұлттық нейрохирургия орталығы” АҚ, Нұрсұлтан қ., Қазақстан.
- Жаркинбекова Назира Асановна – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, неврология, психиатрия және психология кафедрасының меңгерушісі, КеАҚ «Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы», Шымкент қ., Қазақстан.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Конкаев Айдос Кабибулатович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, № 1 анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі, КеАҚ «Астана Медицина Университеті » Нұрсұлтан қ., Қазақстан.
- Исраилова Венера Карипбековна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, анестезиология және реаниматология кафедрасының жетекшісі. КеАҚ «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Универстеті», Алматы қ., Қазақстан.
- Әлиев Марат Амангелдіұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, нейрохирургия кафедрасы КеАҚ «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Универстеті», Алматы қ., Қазақстан.
Қорғау 2022 жылғы 11 мамырда сағат 15:00-де «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жанындағы «Медицина» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68, ректорат кабинетінде өтеді.
Диссертациялық кеңестің отырысы сілтеме бойынша https://zkmu.webex.com/join/webex3 бейнеконференция түрінде online (онлайн) режимде өтеді.
Хабарландыру мен қосымшалардың мәтіні орналастырылған Диссертациялық кеңес сайтының мекен-жайы: https://zkmu.edu.kz.
Ғылыми хатшы: Аманжолкызы Айнур, тел.(сот) +7 775 9204682; e-mail: ds@zkmu.edu.kz; info@zkmu.edu.kz.
Аннотация орыс Аннотация қаз Аннотация ағыл Диссертация Н.А. Жаркинбекованың пікірі Е.Т. Махамбетовтың пікірі Tomas Tamosuitis пікірі Ж.Н. Саркулованың пікірі А.Б. Токшилыкованың ғылыми басылымдар тізімі ЖБҚ қорытындысы