Қайрат Қанатұлы Сабыр

Қайрат Қанатұлы Сабыр 1966 жылы 7 қыркүйекте Ақтөбе қаласында туған. Қазақ. Әкесі – Жолмұхамедов Қанат Сабырұлы, зейнеткер, дәрігер болған. Анасы – Жолмұхамедова Светлана Мырзағалиқызы, зейнеткер, дәрігер болған. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген (1990), жоғары санатты хирург. Медицина ғылымының докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Хирургия, ауыстырып қондыруды зерттеу». Профессор. 120 ғылыми-әдістемелік өңбектің, 3 монографияның, 8 өнертабыстың авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1990 жылдан – Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатурада, хирургия кафедрасының аспиранты. 1995 жылдан – Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында госпитальді хирургия кафедрасының ассистенті. 1998 жылдан – «Облыстық клиникалық ауруханасы» МҚК бас дәрігері. 2000 жылдан – «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академи- ясы» РМҚК ректоры. 2003 жылдан – «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК факультеттік хирургия кафедрасының меңгөрушісі. 2004 жылдан бері – Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001); «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне» атты ҚР денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі үшін» ҚР БҒМ белгілерімен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген. Әскери атағы – медицина қызметінің майоры. Діни көзқарасы – атеист. Қазақстанның болашағы туралы болжамы – «Өркендеу». Хоббиі – саяхат құру. Сүйіп оқитын әдебиеті – проза. Үйленген. Жұбайы – Сабыр Лаура Меңдібайқызы, дәрігер. Ұлдары – Сабыр Азамат Қайратұлы (1988 жылы туған), Сабыр Әнуар Қайратұлы (1992 жылы туған), Сабыр Аслан Қайратұлы (2001 жылы туған).