КР ПІБ Медициналық орталығының басшылығымен кездесу

20 қаңтар 2023 жылы университеттің бас ғимаратында ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы А.В. Цой және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өтті.
​Алдымен келген қонақтар оқу аудиторияларына, ғылыми кабинеттерге, гистология, анатомия және т. б. кафедраларға барып, одан соң медицина мұражайының экспонаттарына экскурсия жасады. Оның барысында А.В. Цой “Құрметті қонақтар” кітабында Алғыс хат қалдырды.

​Сапардың негізгі бөлігі ректорат залында басқарма мүшелерімен және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен жалғасты.
​Университет ректоры А. Қалиев пен ҚР Президенті Басқармасы Медициналық орталығының басшысы А.В. Цой өз ұйымының қызметі бойынша презентациясын ұсынды.

​«ҚР ПІБ Медициналық орталығы – бұл үлкен құрылым. Сондықтан, біздің міндетіміз: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірлерге инновацияларды, жаңа технологияларды, оның ішінде білім беру технологияларын іздеуде және енгізуде көмек көрсету.
ҚР ПІБ МО үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізетіндіктен, сала бойынша ЖОО-мен ынтымақтастыққа мүдделі, өйткені мұнда үлкен ғылыми әлеует бар. Біз үшін Сіздердің медициналық университеттеріңізбен өзара іс-қимыл жасау өте маңызды, өйткені денсаулық сақтаудың қалыпты жүйесі сапалы білім беру жүйесінсіз өмір сүре алмайды», – деп, атап өтті.

Анықтама үшін: ҚР ПІБ МО мамандары біліктілігі жоғары, Joint Commission International, ISO, GPP, IIac-mra стандарттарына ие, бұл халықаралық құзыреттіліктің дәлелі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, әлемдегі жетекші стратег-серіктестермен ынтымақтастық медициналық орталықты ең озық технологияларды енгізу үшін ең жақсы тәжірибелер орталығы немесе апробация орталығы ретінде орнықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстары іске асырылуда, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде, инновациялық әдістерді іздестіру және практикаға енгізу, сондай-ақ республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына трансферт жасау белсенді жүргізілуде. Соңғы үш жылда ғана клиникалардың мамандары 150-ден астам жаңа технологияларды енгізіп, Қазақстанның тәжірибесіне алғаш рет пайдаланды.
​Талқылау барысында ғылыми және клиникалық қызмет бойынша бірлескен ынтымақтастық уағдаластығына қол жеткізілді.

​Өзара ынтымақтастықтың нақты бағыттары мен мүмкіндіктерін зерделеу, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру үшін университет қызметкерлерін профессорлық-оқытушылық құрам қатарынан ҚР ПІБ МО-ға жіберу туралы шешім қабылданды.
​Ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту – екі жаққа да тиімді!