Көңіл айту…

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ ұжымы медицина қызметінің полковнигі Аркадий Семенович Тёмкиннің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады…

Аркадий Семенович өмірінің 38 жылын әскери қызметке арнаса, оның 16 жылында университеттің әскери дайындық кафедрасын басқарды.

Жауапкершілікті терең сезіну, кәсіпқойлық, еңбексүйгіштік, тамаша ұйымдастырушылық қабілеттер, талапшылдық пен ізгі ниет, мақсатқа жетуге деген құштарлық, өз ісіне шексіз берілу – Аркадий Семёнович осы және басқа да кәсіби және адами қасиеттерге ие болды.

Аркадий Семёнович әскери дайындық кафедрасын жетілдіруге және одны дамытуға зор үлесін қосты.

Студенттерді оқытудың заманауи әдістері енгізілді, жақсы оқу-материалдық базасы құрылды, әскери мамандарды даярлау және қайта даярлау контингенті кеңейтілді.

Аркадий Семёновичтің жарқын бейнесі әріптестерінің жадында және жүрегінде сақталады, ал оның есімі кафедра тарихында мәңгі жарық атаумен қалады!

Жатқан жері жайлы болсын…

Қалиев Ә.А.

«Марат Оспанов атындағы БҚМУ»

Басқарма төрағасы – Ректор