Абенова Нургуль Абдуллаевна

2003 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін үздік бітірді. 2004 жылы дәрігер-терапевт мамандығы бойынша интернатураны аяқтады. 2005-2007 жылдары Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің клиникалық ординатурасын сәтті аяқтады. 2008 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында «Дәрігер-эндокринолог» даярлау бағыты бойынша мамандандырудан өтті. 2017 жылы «Жалпы практика дәрігері» даярлау бағыты бойынша бастапқы мамандандырудан өтті. 2021 жылы «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша оқытудан өтті. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-терапевт болып табылады.

Ғылыми басылымдар: Медициналық білім беру, ішкі аурулар, денсаулық сақтау ұйымы саласындағы 70-тен астам ғылыми мақалалардың авторы (ҚР ҒЖБССҚК ұсынған – 25, Скопус және web of science дерекқорында – 5), 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы, 7 оқу құралының, 1 монографияның, 15 авторлық куәліктің бірлескен авторы. Scopus Хирш Индексі – 1.

Жұмыс тәжірибесі:

2004-2005 жж.- «Асар» медициналық мекемесінде терапевт дәрігер, Ақтөбе қ.;

2005-2007 жж. – М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің дәрігерлерді жетілдіру факультетінің терапия кафедрасының клиникалық ординаторы;

2007-2008жж.- М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің № 1 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының оқытушы-тағылымдамашысы;

2008-2015 жж.- М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің № 1 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті;

2015-2017 жж.- М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің № 1 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті;

2017-2023 жж.- М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің № 1 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының жетекшісі;

2019-2021 жж.- «Жалпы медицина» академиялық комитетінің төрағасы;

Марапаттары: 2019 ж – ҚР ДСМ «Құрмет грамотасы» ; 2020 ж – М.Оспанов атындағы БҚММУ «Алғыс хат»;