Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған (кроссфит) жарыс өтеді

17 қаңтар күні сағат 11.00-де Жастар арена спорт кешенінде «Сұңқар» спорт клубы және дене тәрбиесі кафедрасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында фукционалдық дайындықтан (кроссфит) жарыс өтеді.

Жарыстың мақсаты — университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту. Физикалық тұрғыдан дайындалған спортшыларды анықтау.

Жарысқа а – 25-35 жас, в – 36-45 жас, С – 46-50 жас, D – 50+жас санаттарындағы ерлер мен әйелдер қатысады.

Жарыс нәтижелері бойынша 1, 2 және 3-орын алған қатысушылар мен командалар Грамоталар және медальдармен марапатталады. 1-орынға — сыйлық.

Ұйымдастыру комитеті.