Құрметті университеттің құрылымдық бөлімшелерінің, клиникаларының жетекшілері, қызметкерлер!

«М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ қызметкерлерінің кадрлық резервін қалыптастыру туралы ережеге және Университеттің ұйымдық құрылымына сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған басшы лауазымдарының кадрлық резервін құру жоспарлануда. Кадрлық резерв бос немесе жаңадан құрылатын лауазымдарды, басшы лауазымдарды даярланған мамандармен жедел жасақтау мақсатында қалыптастырылады.

Кадрлық резервке кандидаттарды ұсыну:

-жоғары тұрған немесе тікелей басшымен;

-кандидаттың өзін-өзі ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.

Кадрлық резерв құрамына кіретін лауазымдардың тізбесі қоса беріледі:

  1. Әкімшілік-басқару резерві:

-проректорлар, атқарушы директор, университеттің медицина орталығының/клиникалардың жетекшілері, құрылымдық бөлімшелердің (департамент, орталық, кафедра, бөлім) жетекшілері, бас бухгалтер.

  1. Ғылыми-зерттеу және білім беру бөлімшелерінің жетекшілері:

-факультет декандары, кафедра, орталық жетекшілері, ғылыми зертхана жетекшілері және т. б.

Кадрлық резерв сыртқы және ішкі резервтен тұрады. Сыртқы резерв кадрлық резервке енгізуге өтінім берген Университет қызметкерлері болып табылмайтын әлеуетті кандидаттардан тұрады.

Ішкі резерв бөлімше жетекшісі немесе өзін-өзі ұсынған университет қызметкерлерінен құрылады.

Өз кандидатурасын дербес ұсынатын адамдар (өзін-өзі ұсынушылар, оның ішінде сыртқы кандидаттар) оларды кадр резерві тобына қосу үшін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымдық бөлімшеде үміткер лауазымның атауын көрсете отырып, өздері туралы мәліметтер дайындайды.

Кадрлық резервті қалыптастыруды Университеттің кадрлық комиссиясы жүзеге асырады. Кадр резервіне үміткер кандидаттардың құжаттары біліктілік талаптарына сәйкестігі үшін алдын ала іріктеуден өтеді және конкурстық комиссияға жіберіледі. Бұдан әрі Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттар негізінде кадрлық резервке енгізуге кандидаттарды қарайды және іріктейді.

Кадрлық резервке енгізуге кандидаттарды іріктеу кезінде келесілер:

а) қызметтің болжамды түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы;

б) білім беру деңгейінің болжамды лауазым бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі;

в) ғылыми дәрежесінің, атағының болуы (қажет болған жағдайда);

г) ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі (қажет болған жағдайда);

д) орын ауыстыруға дайын болуы ескеріледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізден 2024 жылғы 25 ақпанға дейінгі мерзімде Адами ресурстарды басқару департаментіне мынадай құжаттарды ұсынуыңызды сұраймыз:

1) Өтініш, кандидатура тізімі бар кесте, кадр резервіне қатысушыдан (1,2,3-қосымша) нысан бойынша толтырылған сауалнама, кандидат туралы мәліметтер (өз кандидатурасын дербес ұсынатын) және құрылымдық бөлімше басшысының ұсынымымен қызметтік жазбасы электрондық және сканерленген форматта ok@zkgmu.kz электрондық поштасына немесе бас ғимараттың 105 кабинетіне ұсынылады.

Кадрлық резервтің әрбір лауазымына 2 кандидатқа дейін ұсынылуы мүмкін.