Шаңғы жарысынан қала біріншілігі

Кірпішті елді мекеніндегі қысқы спорт түрлері мектебінің шаңғы жолында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған Президенттік тест бағдарламасы бойынша қала тұрғындары арасында шаңғы жарысынан қала біріншілігі өтті. Жарысқа қаламыздағы спорт ұжымдары, мектептері, жоғары оқу орындары, колледждерінің құрама командалары, шаңғы спортының әуесқойлары қатысты.

Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы, жаттықтырушы Е.Деманың жетекшілігімен университеттің құрама командасы тоғыз қатысушымен қатысты. Атап айтсақ, олар стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Гүлмира Журабекова, дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Роза Қанапина және шаңғы жарысы бойынша университеттің спорттық жетілдіру тобының мүшелері-студенттер Нұрсұлтан Хамзиев, 405 стом., Диас Савитов, 420 А о/м, Илья Деркач, 419 А о/м, Дмитрий Курган, 120 стом., Алина Назарова, 419 А о/м, Наталья Колосова, 421 А о/м, Виолетта Князева, 103 фарм. Егде жастағы топтардың спортшылары екі шақырымдық қашықтықты бағындырып, жас студенттер бес шақырымды еңсерді, қыздар үш шақырымдық қашықтықты бастады.

Егде жастағы топтарда спорт шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігердің тамаша үлгісін көрсете отырып, жеке есепте Роза Қанапина мен Гүлмира Журабекова жеңіске жетті, 18-23 жас санатында жалпы медицина факультетінің 421 А тобының студенті Наталья Колосова 2-орынды иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің Грамоталары және медальдарымен марапатталды.