Құрметті студенттер!
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне шәкіртақы төлеудің кешігуіне байланысты студенттерден түскен өтінішке байланысты баршаңызға түсінікті болу үшін ескертеді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен 2023-2024 оқу жылының ақпан айынан бастап «Қаржы орталығы» АҚ еліміздің барлық жоғары оқу орындарына стипендияларды аудару операторы болды. Енді университетіміздің студенттері, интерндері, резиденттері, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақысы «Қаржы орталығы» АҚ арқылы карталық шоттарға тікелей төленетін болады. Өз кезегінде жоғары оқу орны EPVO (Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы) арқылы студенттердің үлгерімі мен мәртебесі туралы ақпарат береді. Қаржы орталығы көрсетілген ақпаратты университет деректер базасымен салыстырады және тексереді. Толық салыстырудан кейін ақпараттық жүйе автоматты түрде стипендия сомасын есептейді, содан кейін шәкіртақы студенттерге ақша аудару үшін екінші деңгейлі банктерге жіберіледі. Жаңа жүйе мемлекет тарапынан жыл сайын шәкіртақыға да, жоғары оқу орындарында оқуға да бөлінетін қаржыны тікелей студенттерге аудару арқылы ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жүйені өзгертудің оң жағы грантты сақтай отырып, басқа ЖОО-ға ауысатын студенттерге шәкіртақыны үздіксіз төлеу мүмкіндігі болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының шәкіртақысы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында түсуі тиіс. Алаңдауға негіз жоқ.
Сұрақтарыңыз болса студенттік есепші 8-771-520-16-08 нөміріне жұмыс уақытында ( 9.00-18.00) хабарласуларыңызға болады.