Хабарландыру

Университеттің әскери кафедрасында оқуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттер белгіленген нысан бойынша әскери кафедраға өтініш бере алады. Ол үшін Сіз Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен басқармасында әскери есепте тұруыңыз керек (барлық сұрақтар бойынша Маресьев көшесі, 72, 26-бөлме мекен жайы бойынша 54-16-92, 56-04-09 телефондарына хабарласыңыздар).

Әскери даярлыққа ақылы негізде университет басшысы ҚР Қорғаныс министрлігімен келісе отырып, қабылдау жоспары бойынша орын берген жағдайда Ақтөбе қаласындағы әскери кафедрасы жоқ басқа ЖОО-ның студенттері тартылады. Өтеусіз негізде оқыту үшін іріктеу комиссиясы ұсынған М.Оспанов атындағы БҚМУ жалпы медицина факультетінің студенттері тартылады. Оқуға арналған конкурсқа ЖОО-да күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттер – конкурс өткізілетін жылға 24 жастан аспаған, соттылығы жоқ ҚР азаматтары қатыса алады.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады. Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Студенттерді әскери кафедраға іріктеу конкурсы төрт кезеңнен тұрады:

1-кезең Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасы әскери кафедрасында оқуға жарамдылығын анықтау тұрғысынан медициналық куәландырудан өту.

2-кезең кәсіби-психологиялық тестілеуден өту.

3-кезең дене шынықтыру дайындығын тексеруден өту.

4-кезең рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Оқыту әскери әдіс күні әдісімен аптасына 1 рет жүргізіледі. Оқу ұзақтығы – запастағы офицерлер үшін 2 жыл, запастағы медицина қызметінің лейтенанты, запастағы лейтенант әскери атағы беріледі. Запастағы сержанттар үшін 1 жыл, запастағы кіші сержант әскери атағы беріледі.

Студенттердің конкурсқа қатысуға өтініштері Ақтөбе қаласында әскери есепке тұрғаннан кейін 2024 жылғы 12 ақпан айынан бастап қабылданады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізімі:

  1. Жеке куәлік (түпнұскасы мен көшірмесі).
  2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен кошірмесі).
  3. Көлемі 3×4 см 2 фотосурет.
  4. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
  5. Студенттің ЖОО-да нақгы оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.

Әскери кафедраны бітіргеннен кейін түлектер ҚР Қарулы Күштерінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ҚР Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде қызметке орналаса алады. Медициналық бейіндегі түлектер Қазақстан Республикасының Әскери-медициналық мекемелері мен бөлімшелерінде дәрігер болып жұмысқа орналаса алады.

Әскери дәрігерлер қызмет барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мекемелерінде, ҚР ҚМ Әскери медицина орталығында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің әскери-медициналық мекемелерінде біліктілігін арттыра алады.

Сондай-ақ БҰҰ коалициялық күштерінің құрамында бітімгершілік операцияларға қатысу мүмкіндігі бар.