Мобильді медициналық кешен Мәртөк ауданында

Медицина орталығы дәрігер-мамандарының аудан тұрғындарына арналған онкологиялық скринингы Мәртөк ауданында жалғасты. Тұрғындарды тексеру «Қазақстан халқына» қорының аталған орталыққа табыстаған «Оptimа» мобильді медициналық кешендерінде өтті.

Онколог, онкомаммолог, онкохирург, онкогинеколог, терапевт және функционалдық диагностика дәрігерлері аудан тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізді.

Медицина орталығының онкология жөніндегі үйлестірушісі Олжас Оразаевтың айтуынша, скрининг нәтижесінде медицина мамандарына 117 мәртөктік қаралды. Айта кету керек, медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмеген ауыл тұрғындары «сақтандырылған» мәртебесінің жоқтығына қарамастан, орталық мамандарының профилактикалық тексеруіне қол жеткізді.

Мобильді медициналық кешендеріне қаралуға келген тұрғындар «Қазақстан халқына» қорына, университет әкімшілігіне және Медицина орталығының дәрігерлеріне онкологиялық аурулардың алдын алып, тексеруге мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдірді.