Университет ұжымы сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгін шаһарымызда жалпықалалық сенбілік өтіп, оған университеттің барлық ұжымдары — әкімшілік-басқару персоналынан бастап, кафедралардың профессор-оқытушылық құрамы да шығып, біркісідей ұйымшылдықпен атсалысты.

Университет ұжымы өздеріне бекітілген аумақтарды — Қ.Сәтбаев көшесінен бастап, В.Пацаев көшесіне дейін сонымен қатар Маресьев көшесінің бойын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Аталған тазалық акциясы егеменді еліміздің бірлескен күш-жігері және қоршаған орта мен өмір сүру сапасын жақсартудың жарқын мысалы болып табылады.