Әзербайжан медициналық университетіндегі академиялық ұтқырлық
15-19 сәуір аралығында медициналық және биологиялық химия кафедрасының жетекшісі Ж.Гумарова сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзербайжан медициналық университетінің фармацевтикалық токсикология және химия кафедрасында дәрістер циклін оқыды, әріптестердің әзербайжан, орыс және ағылшын тілдерінде ашық дәрістеріне қатысты.
Фармацевтикалық токсикология және химия кафедрасының жетекшісі, профессор Э.Гараевпен, биохимия кафедрасының жетекшісі, профессор Г.Азизовамен, фармацевтикалық химия кафедрасының жетекшісі, профессор Т.Сүлейменовпен бірге кафедра қызметкерлері мен студенттердің оқу және ғылыми жұмыстарындағы коллаборация келешегі мен сұрақтары талқыланды.
Кафедра жетекшісі, доцент Ж.Гумарованы және ОҚМА дәрілер технологиясы кафедрасының жетекшісі, профессор Б.Сағындықованы ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор Р.Бойларов және халықаралық қатынастар департаментінің директоры, профессор М.Оруджев қабылдады.
Кездесуде қазақ жоғары оқу орны кафедраларының профессор-оқытушылық құрамы және студенттерінің Әзербайжан медициналық университетінің сәйкес кафедраларымен ғылыми жұмыста ынтымақтастық мәселесі мен келешегі де жан-жақты талқыланды.