Өмір бойы оқыту дегеніміз не?
Үздіксіз білім беру — бұл ғылым мен техниканың прогресімен, инновациялық технологияларды кеңінен қолданумен айқындалатын адамның өмір бойы тәрбиелік әлеуетін арттыру процесі.
Үздіксіз білім беру құрылымы. Өмір бойы білім беру. Кәсіби ғана емес, сонымен қатар басқа да қажетті қызықты іс-әрекеттер, интеллектуалды даму, өз білім деңгейін арттыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті позицияны иелену мүмкіндігін алу үшін өзінің дағдылары мен қабілеттерін үнемі жаңартып отыру қажеттілігі.
Үздіксіз кәсіптік білім беру. Білім мен дағдыларды үнемі толықтыра отырып, оқу қажеттілігі нені және қайда оқу керектігін, жұмыста немесе жұмыстан тыс жерде өз бетінше таңдау арқылы біліктілікті арттырады.
Ересектерге арналған білім. Бұндай білім жасқа, өтетін орнына, уақытына және басқа да жағдайларға қарамастан әрбір адамға өз мүмкіндіктерін іске асыру мүмкіндігін беруді көздейді. Бiлiм берудiң негізгі мәнi — бүкiл еңбек өтілі бойына қажеттi бiлiктiлiкке ие болу мүмкiндiктерiн жасау, негiзгi құзыреттiлiктердi дамыту және функционалдық сауаттылықты арттыру, ересек тұрғындардың түрлi санаттарының жеке өсуi мен өзiн-өзi іске асыруын қамтамасыз ету.