Резидентура мамандықтары ұсынылды
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты, декан Роза Нұрғалиеваның жетекшілігімен 7-курс интерндеріне резидентура мамандықтарымен таныстыру шарасын ұйымдастырды. Іс-шара 17-18 және 22 сәуір аралығында 3 күн бойы өтті.
Бірінші күні 13 терапевтік мамандығы, екінші күні 11 хирургиялық мамандығы, үшінші күні 23 жаңа резидентура мамандықтары ұсынылды. 2023-2024 оқу жылында резидентураның жаңа білім беру бағдарламалары жүзеге асырыла бастады.
Кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылар құрамы өз кафедраларында меңгеріліп жатқан резидентура мамандықтарымен таныстырды. Презентацияларда мамандық, профессорлық-оқытушылық құрамы, оқу ұзақтығы, пәндер, клиникалық базалар, практикалық дағдыларды дамыту деректері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, жұмысқа орналасу, сондай-ақ резиденттердің кәсіби мансаптық өсуі туралы ақпараттар көрсетілді.
Интерндер өздерін толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.