Үздік студент атанды

Елордасы Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Әділетті Қазақстанның тірегі — адал жастар» атты республикалық форум өтті.

Сондай-ақ, форум аясында Bilim-orkenieti ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен ғылым, өнер, спорт салаларында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттер байқауы өтті.

Республикалық деңгейдегі «Қазақстан Республикасының 100 үздік студенті» атты талантты студенттердің байқауына қатысып, жеңімпаз атанған стоматология факультетінің 1-курс студенті Арайлым Айдосова ҚР жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін «Үздік студент» төсбелгісі және I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Университет абыройын асқақтатып, жетістікке жеткен Арайлым Елдосқызы және жетекшісі Алтынай Ақболатқызын құттықтап, толағай табыстар тілейміз!