Таза орта — денсаулық кепілі
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында медицина факультетінің 201, 202-топ студенттері және кураторы Бекзат Молдин университеттің Түлектер аллеясының аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, гүл шоқтарын екті және топ атынан 10 түп ағаш отырғызды.
Шара барысында топ кураторы студенттерге экологиялық мәдениет, табиғатты қорғау, таза табиғат денсаулықтың басты кепілі екеніне тоқталды. Студенттер де, Түлектер аллеясы жастардың ерекше әсер алатын мәдени орындарының бірі екенін, экологиялық акцияны қолдайтындықтарын айтты.
Тәрбиелік мәні зор мұндай шаралар қоғамдық сананы қалыптастырып, жалынды жастардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыратыны сөзсіз. Жастардың ұстанымы: «Таза Қазақстан, Жасыл аймақ, Жарқын болашақ». Университет студенттері экологиялық мәдениет ұлттың ұстанымы болуы керек деп есептейді.