БІРЛІК КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
«Жыл кураторы-2014» байқауына қатысушы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор Ж.Айтжанованың ұйымдастыруымен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан — татулығы жарасқан ел» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Оған жалпы медицина мамандығы 211, 212-топтарының студенттері қатысты. Мақсат — студенттерге еліміздегі бейбітшілікті, этносаралық толеранттылық пен ынтымақ, бірлік, достықты насихаттап, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шара барысында еліміздің Гимны шырқалып, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бейнеролик көрсетілді. Студенттер А.Бахытжан, М.Мырзабаев шараны мазмұнды жүргізсе, А.Амантай, Ұ.Бөлекбай «Қазақ елі осындай» әнін шырқап, Д.Қайырғалиева мен А.Әминова өлең шумақтарын арнады. Ал, Б.Зұлпықар украин халқының «Тримай» әнін әуелете шырқады.
Шара соңында топ студенттері «Атамекен» әнімен хор орындады. Топ кураторы Ж.Айтжанова көп ұлтты мемлекетіміздің қалыптасу тарихын, Қазақстан халқының бірлігін, татулығын баяндап, мерекелік шараны қорытындылады.
Кураторлар кеңесінің төрағасы А.Қаниева мерекемен құттықтап, өз пікірімен бөлісті.