Хабарландыру

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2024 жылғы «20» ақпандағы №181 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғалардан 2024 жылғы 27 мамырда сағат 11:00-де Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68 мекенжайы бойынша университеттің бас ғимаратында, ректорат залында (шыны зал) өтетін шараға қатысуын сұраймыз.

Қатысқысы келетіндер, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін 8-701-732-8567 телефоны арқылы хабарласа алады.