Резидент акушер-гинекологтар зияткерлік сайысын өткізді

«Не? Қайда? Қашан?» №1 акушерия және гинекология кафедрасының 10 жылдығына орай 1, 2, 3-курс резиденттері зияткерлік сайысын өткізді. Сайыс қорытындысында жеңімпаздарға сыйлықтар табысталып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Сапалы мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін бөлім қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.

Акушерия және гинекология кафедрасы 1960 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институты кезінде ұйымдастырылған. Алғашқы меңгерушісі — Ұлы Отан соғысы жылдарында госпитальда әскери хирург болып еңбек ектен профессор М.Булина. Кафедраны 1983 жылдан бастап басқарған профессор Қ.Құдайберген босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізген. 1995 жылдан бері профессор Т.Үкібасованың жетекшілігімен кафедраның ғылыми жұмысының бағыты экологиялық күйзеліс жағдайында әйел денесінің функцияларын зерттеу болып табылады.

2014 жылдың қаңтар айында негізгі бөлімді бөлу арқылы №1 акушерия және гинекология кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі — медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Светлана Шиканова.

Кафедрада 2 профессор, 1 доцент, 10 ассистент және 2 кеңсе меңгерушісі еңбек етеді. Барлық қызметкерлердің кәсіби деңгейі жоғары. Әрқайсысы ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді.