5В130100 – «Жалпы медицина» – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


5В130100 – «Жалпы медицина»

Оқу бағдарламасының миссиясы

ОБ атауы

Миссиясы

1

«Жалпы медицина»

Университет интерндерінің ЖОО-ны бітіргеннен кейін білім беруді тереңдету қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелерде жұмыс істеу үшін білікті маман даярлау кезінде қолайлы жағдайлар жасау

Оқу бағдарламасының паспорты

Оқу бағдарламасының мақсаты

Өз бетінше кәсіби қызметке қабілетті және дайын кәсіби құзыреттілік жүйесі бар білікті дәрігерді даярлау. Интерн өзіндік дәрігерлік қызметке дайын болу үшін алған теориялық білімін тереңдету қажет, жоғары сападағы және көлемдегі теориялық, практикалық дағдыларды игеруі керек

Міндеті

Клиникалық кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруға және түлектердің практикалық даярлығын жақсартуға, кәсіптік деңгейін және олардың дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін арттыруға бағытталған білім беру процесін уақтылы, сапалы ұйымдастыру.

Берілетін дәреже / біліктілік

Жалпы тәжірибелік дәрігер

Бағдарламаны әзірлегендер

Абилов Т.С., Курмангалиева С.С., Рахманов С.Б., Бобырева М.М., Алмагамбетова А.С., Байзуллина А.О., Избасаров Б.О.

Қолданысқа енгізілді

2017

Маман лауазымдарының тізімі

Дәрігер

Кәсіби қызмет саласы

Халыққа медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтауды, денсаулық сақтауды басқаруды ұйымдастыру, білім беруді, ғылымды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру

Кәсіби қызметтің функциялары мен түрлері

– емдеу-профилактикалық және диагностикалық;

– ұйымдастырушылық-басқарушылық;

– ғылыми-зерттеу;

– педагогикалық.