2023 жылға арналған ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру байқауы

“Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КеАҚ өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын іске асыру мерзімі 12, 24, 36 ай (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) 2023 жылға арналған ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру байқауы

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы Университеттің өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын іске асыру мерзімі 12, 24, 36 ай (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) 2023 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыруға арналған байқау өткізу туралы жариялады келесі бағыттар бойынша:* биотехнология,* биомедицина,* өмір және медицина туралы ғылым,* медициналық білім. Конкурстық өтінімдер “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ жіберіледі электронды түрде grant.wkmu@zkmu.kz почтасына және қағаз түрінде Құжаттаманы басқару бөліміне мына мекенжай бойынша: “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” КЕАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68. Бас ғимарат, кабинет 107. Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: +7 (7132) 55-18-08.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 15 тамызынан басталады.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2022 жылдың 30 қыркүйек (қоса алғанда).

Назар аударыңыз! «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ-ның өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру байқауын ұйымдастыру туралы Ережеге кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертурлермен А Қосымшасынан  таныса аласыз.

Ереже гранттық байқауын ұйымдастыру туралы

Қосымша А