Шетел ғалымы болашақ неврологтарға дәріс оқыды
24-30 cәуір аралығында неврология кафедрасында «Visiting professors» бағдарламасы аясында PhD, ОҚМА неврология кафедрасының доценті, Лондон университеттік колледжі неврология институтының зерттеушісі Рауан Қайыржанов жұмыс жасады.
Мақсат — резиденттерді нейродегенеративті ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы жаңа әлемдік үрдістер, таныстыру, қажетті құралдармен таныстыру және гранттық қаржыландыру алу үшін өтінімдерді ресімдеу бойынша университет қызметкерлерінің дағдыларын арттыру. Тәжірибе мен білім алмасу, жаңа халықаралық байланыстар орнатып, ғылыми және білім беру бағдарламаларын дамыту.
Ол заманауи клиникалық неврологияның өзекті тақырыптары: Паркинсон ауруы, дистония бойынша интерндер мен резидент неврологтарға дәрістер, шеберлік сабақтарын өткізді. Жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалау үшін генетикалық зерттеулер туралы ақпарат ерекше қызығушылық тудырды. Сапар аясында Р.Қайыржанов оқытушылар мен жас ғалымдар үшін ғылыми гранттық өтінімдер жазу тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Кезекті «Visiting professors» бағдарламасы оқу процесіне, ғылыми ынтымақтастыққа және академиялық қоғамдастық қатысушыларының кәсіби дамуына оң серпін берді.