Академиялық жұмыстар департаменті университеттегі білім беру үдерісінің шарттары мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша университеттің оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
* Білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингілеу және бақылау;
* Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша МЖМБС және НҚА талаптарына сәйкес оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді үйлестіру;
* Білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыру, білім алушының оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу;
* Білім алушылар контингентінің қозғалысын есепке алу;
* Білім беру қызметінің сапасын ішкі және сыртқы қамтамасыз ету;
* Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және мониторингілеу;
* Сапа менеджменті жүйесінің, университеттің сапа саласындағы саясатының және университеттің сапа саласындағы басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;
* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, академиялық адалдық саясатының, Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің және ішкі регламенттеуші құжаттардың талаптарын сақтау.
Байланыс ақпараты:
Ақтөбе қаласы
Маресьев көшесі, 68, бас ғимарат, 402 кабинет
Тел. 57-91-90
Эл.пошта: dar@zkmu.kz