Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін қойылатын талаптар және қажетті құжаттар тізімі

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдаламасы жөніндегі маман деканаттармен бірлесіп білім алушылар арасында конкурс өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

Шетелдік жоғары оқу орындарына студенттерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін деканатқа өтініш жазу қажет (үлгі).

Конкурстық іріктеудің негізгі критерийлері:

– GPA ескере отырып, университетте бір академиялық кезеңді, семестрді, модульді аяқтау. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университет (шетел және/немесе ҚР бойынша) қаражаты есебінен кететін білім алушылар үшін GPA 3,00-ден төмен болмайды.

– Алыс шетел үшін – TOEFL немесе IELTS сертификатының болуы (6) (ағылшын тілін білу).

Қажетті құжаттар тізімі

1. Ректордың атына өтініш;

2. Білім алушының өтініші;

3. Үшжақты келісім;

4. GPA;

5. Шет тілін меңгергені туралы сертификат;

6. Шетелдік паспорттың көшірмесі;

7. Фото 3/4 (2 дана);

8. Басқарма хаттамасынан үзінді;

9. Қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар шақырудың көшірмесі.


2020 ж Шығыс академиялық ұтқырлығы


2021 ж Шығыс академиялық ұтқырлығы



“Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы бойынша нұсқаулық”


14.03.2022-10.06.2022ж. аралығында Эрасмус жобасынының бөлігі ретінде

«Любляна Университеті», Словения

мамандығы «Жалпы медицина» 6 курс интерні

Қуандықов Сұлтан Серікұлы

01.09.2022-24.01.2023ж. аралығында «Литва денсаулық ғылымдарының университеті»,

 Каунас, Литва

«Жалпы медицина» мамандығының 7 курс резиденті

Қуандықов Сұлтан Серікұлы

 

  

19.09.2022-24.09.2022ж. аралығында «Томск микрохирургия ғылыми зерттеу институты»,

Томск, Ресей Республикасы

«Жалпы медиицина» мамандығының бойынша

6 курс интерні

Кадыров Жандос Жәнібекұлы

24.10.2022-08.11.2022ж. аралығында «Ташкент

мемлекеттік стоматологиялық институты», Ташкент, Өзбекстан.

«Стоматология» мамандығының 4 курс студенттері

Батыс Қазақстан медицина университеті

 09.11.2022-24.11.2022ж. аралығында «Ташкент

мемлекеттік стоматологиялық институты», Ташкент, Өзбекстан.

«Стоматология» мамандығының 4 курс студенттері

Батыс Қазақстан медицина университеті

14.11.2022-16.12.2022ж. аралығында

Башкұрт мемлекеттік медицина университеті

Уфа, Башкұртстан, Ресей Республикасы

«Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері

Батыс Қазақстан медицина университеті


Білім алушылардың 2023 жылға академиялық ұтқырлығы

Білім және тәжірибе алмасу мақсатында Университет студенттер арасында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асырады. 2023 жылғы есепті кезеңде білім беру бағдарламасының аясында шығыс академиялық ұтқырлық 196 білім алушыны құрады, оның ішінде: «Литва денсаулық ғылымдары университеті» – 2, «Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институты» – 89, «Астрахань мемлекеттік медицина университеті» – 22, «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» – 33, «Афьонкарахисар медицина ғылымдарының университеті» – 7, «Оренбор мемлекеттік медицина университеті» – 15, «Астана медицина университеті» – 3, «С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» – 1, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» – 16, «University of Debrecen» Венгрия – 1, «Yeditepe University» Стамбул – 2, «Comenius University» Братислава – 2, «Harran University» Шанлыурфа, Турция – 2, «Trakya University» Эдирне, Турция – 1.

2023 жылға 180 білім алушының академиялық ұтқырлығын іске асыру жоспарлануда. 196 білім алушы бойынша жұмыс атқарылды.

2023 жылға кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша БҚМУ-не жоғары оқу орындарынан 18 білім алушы: «Астана медицина университеті» – 1, «Самарқанд мемлекеттік медицина университеті» – 1, «Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институты» – 1, «Александрия университеті» – 1, «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» – 14 қабылданды.