Халықаралық серіктестік, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімі

Академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті қызметінің маңызды бағыттарының бірі және университеттің халықаралық ғылыми және білім беру қатынастары саласындағы мекемелермен және ұйымдармен екіжақты және көпжақты қатынастарды құруға және дамытуға бағытталған.
Бөлімнің негізгі міндеттері: студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын әзірлеу және ұйымдастыру;
– жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және үйлестіру;
– бір немесе бірнеше шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын үйлестіру.
Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге, немесе оқу жылына өз оқу орнында немесе басқа ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін кредит түрінде меңгерген білім беру бағдарламаларын міндетті түрде қайта тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауыстыру;
Академиялық ұтқырлық шеңберінде: ҚР ЖОО-ның, жақын және алыс шетелдердің жетекші ПОҚ-ы шақырылады; студенттер 1 және одан да көп уақытқа жоғары оқу орындарына, сондай-ақ жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі; ҚР, ТМД және басқа елдердің ЖОО-нан алмасу бойынша студенттер қабылданады.
Батыс Қазақстан медицина университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы екі бағытта жүзеге асырылады:
– Сыртқы академиялық ұтқырлық – білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің шетелде белгілі бір академиялық кезеңде оқу немесе зерттеулер жүргізу үшін орын ауыстыруы;
– Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің ел ішінде белгілі бір академиялық кезеңде оқу немесе зерттеулер жүргізу үшін орын ауыстыруы;

Академиялық ұтқырлықтың мақсаты: халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу, әлемдік білім беру ресурстарын пайдалану.


Халықаралық ынтымақтастық, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімі



Бөлім меңгеруші

Бисенова Т.Е.



Маман

Жаленов Ж.М.



Маман

Сарсембаева А.Г.



Маман

Мулдагалиева Д.С.



Байланыс мәліметтері :

Бисенова Толкын Еркиновна

Халықаралық ынтымақтастық, жобалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы
bisenova_tolkyn@mail.ru, intdep@zkgmu.kz +77754854541

Сарсенбаева Азиза Галимжановна

ПОҚ және оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық маманы intdep@zkgmu.kz +77711605744

Жаленов Жасулан Максатулы

«Визитинг» бағдарламасының маманы zzhalenov@mail.ru, intdep@zkgmu.kz +77073621647

Мулдагалиева Динара Сергеевна

Студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша маман
intdep@zkgmu.kz +77022601489