Диссертациялық кеңес

Докторант Айтмагамбетова Маржан Алтынбековнаның философия докторы(PhD) дәрежесін алу құжаттары

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жанындағы 6D110100 – 8D10102 «Медицина» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Айтмагамбетова Маржан Алтынбекқызының 6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша «Сүт безі қатерлі ісігінің эпидемиологиясы, гендік типтеу және лимфоциттердегі ДНҚ (γ-H2AX) қос тізбекті үзілістерін мониторингілеу әдісімен химиялық терапияға жауабын бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғайтыны туралы хабарлайды.

Диссертациялық жұмыс «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ онкология кафедрасында жасалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ғылыми жетекшілер:

  1. Смагулова Газиза Ажмагиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Клиникалық фармакология кафедрасының жетекшісі, Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы.
  2. Бекмухамбетов Ербол Жасуланұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, “Ұлттық денсаулық сақтау палатасы” жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігінің жетекшісі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
  3. Кохреидзе Ираклий – MD, PhD, ассоцирленген профессоры, Тбилиси мемлекеттік медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі вице-Ректор, Тбилиси мемлекеттік медицина университетінің бірінші университеттік клиникасының онкология бөлімшесінің жетекшісі, Тбилиси қаласы, Грузия. 

Ресми рецензенттер:

  1. Кабилдина Найля Амирбековна – медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцирленген профессор, Қарағанды Медицина университетінің онкология және сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы.
  2. Пак Лаура Алексеевна – PhD, ассоцирленген профессоры,Семей медициналық университетініңД.Р. Мусинова атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының меңгерушісі, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Макишев Абай Кайрғожынұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, КЕАҚ “Астана медицина университеті” онкология кафедрасының меңгерушісі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
  2. Салимбаева Дамиля Нұргазиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ стратегиялық даму және ғылым бөлімінің меңгерушісі. ҚазҰМУ НАО акушерия және гинекология кафедрасының доценті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
  3. Сирота Валентина Брониславовна – медицина ғылымдарының докторы, Қарағанды Медицина университетінің онкология және сәулелік диагностика кафедрасының профессоры, Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы.
  4. Жабагин Куанткан Талгатович – MD, PhD докторы, “Ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары, Абай ауданының денсаулық сақтау басқармасы, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы.
  5. Байсалбаева Айнұр Сакенқызы – PhD докторы, «Medtronic» ЖШС клиникалық зерттеулер және мәселелер жөніндегі маман, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
  6. Нұрдинов Нұрсұлтан Сейсенбайұлы – PhD докторы, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті зертханалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы», Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы.

Қорғау 2023 жылғы 03 қараша, сағат 12:00-де «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ жанындағы 6D110100 – 8D10102 «Медицина» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесі 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68, конференц залында өтеді.

Хабарландыру мен қосымшалардың мәтіні орналастырылған Диссертациялық кеңес сайтының мекен-жайы: https://zkmu.edu.kz.

Диссертациялық кеңес отырысына онлайн (онлайн) режимде қатысу сілтемесі https://zkmu.webex.com/meet/webex1

Ғылыми хатшысы: Айтбаева Алия Матжанқызы, (сот) +7 702 721 11 82; e-mail: ds@zkmu.kz; info@zkmu.kz.


Аннотация орыс
Аннотация қаз
Аннотация ағыл
Диссертация
Е.Ж. Бекмухамбетовтың пікірі
Г.А.Смагулованың пікірі
И.Кохреидзенің пікірі
Л.А. Пак рецензиясы
Н.А. Кабилдина рецензиясы
М.А Айтмагамбетованың ғылыми басылымдар тізімі
ЖБҚ қорытындысы
ДҚ бейнежазбасы