Кафедра жетекшісі:
Ким Светлана Валентиновна – доцент, медицина ғылымдарының кандидаты, Н.И. Пирогов атындағы, Мәскеу мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінің түлегі. 2018 жылдан бастап кафедраны басқарады. Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін Калуга қаласындағы (Ресей Федерациясы) перзентханада неонатолог болып үш жыл жұмыс істеді. Одан кейінгі жылдары Ресей медицина ғылымдары академиясының Педиатрия ғылыми-зерттеу институтында клиникалық ординатура мен аспирантурада оқыды. Кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін кафедрада 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Педиатрия бойынша жоғары медициналық санаты және кардиологтың сертификаты бар. 100-ден астам ғылыми, әдістемелік және оқу-әдістемелік басылымдардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
АҚШ-тың Оңтүстік Флорида университетінде Орталық Азия аймағындағы медициналық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша семинарға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын, типтік бағдарламалар әзірлеуге қатысты. Оқу үдерісін ұйымдастыру мен оқыту әдістемесін зерделеу мақсатында Израильдің Тель-Авив университетінің медицина факультетінде және Данияда Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясында тағылымдамадан өтті. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Қала Құрметі» медалімен марапатталған.
Кафедраның құрамы:
Долотова Людмила Викторовна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
Исангужина Жамиля Халимовна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
Досимов Арыстан Жұмабекұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
Төлегенова Гүлжан Әкімгерейқызы – медицина магистрі, доцент.
Нұрғалиев Нұрлыбек Мақсұтұлы – медицина магистрі, доцент.
Қалиева Арнагүл Тілегенқызы – ассистент.
Кенбейлов Жанай Ноғайұлы – ассистент.
Құрманалин Бақтияр Амануллаұлы – ассистент.
Пуховикова Наталья Николаевна – ассистент.
Ғұбай Назгүл Асанқызы – көмекші.
Кулдеева Гүлмира Аманбайқызы – ассистент.
Байқангурова Мақпал Айтжанқызы – ассистент.
Жалғасбаева Жадыра Жексенбайқызы – ассистент.
Құрылу тарихы:
1974 жылы облыстық балалар ауруханасының негізінде Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының госпитальдық педиатрия кафедрасы ашылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Ленинград педиатриялық институтының түлегі, осы қызметте 17 жыл еңбек еткен Анна Семеновна Тихонова болды. Доцент А.С.Тихонованың жетекшілігімен кафедраның оқу-әдістемелік, тәрбиелік, медициналық, ғылыми жұмыстарының қалыптасуы басталды. Оның жетістіктеріне жоғары білікті қызметкерлерден тұратын ұйымшыл ұжымды құру жатады.
Осы кезеңде кафедрада доценттер: Ивашкина Т.Д., Исмагулова А.У., Петрушева С.Г., Вагапова Л.Б., Шаферман А.М., ассистенттер: Досимов Ж.Б., Нурпейсова Д.Ш., Шевченко Р.А., Бакирова Д.К., Ордабаева С.И., Қадыров Қ.Б., Джауғашева Қ.Қ.қызмет жасады.
1991-2002 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы, Балтаев Орынғали Балтайұлы – Қазақстанның Батыс өңірінің тұңғыш профессор – педиатры , басқарды.
2003-2018 жылдар аралығында кафедраға м.ғ.д., профессор, АқММИ түлегі Абдрахманов Қуанғали Бапашұлы жетекшілік жасады. Қазір ол Астана медицина университетінің педиатрия кафедрасының профессоры ретінде қызметін жалғастыруда.
Қазіргі №2 балалар аурулары кафедрасы 2015 жылы госпитальдық педиатрия кафедрасы мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультетінің педиатрия кафедрасын біріктіру арқылы құрылды. Түрлі жылдар ішінде бұл кафедраларда медицина ғылымдарының докторы, проф. Досимов Ж.Б., м.ғ.д., профессор Құлнизова Г.М., м.ғ.д., профессор Молдахметов М.С., медицина ғылымдарының докторы, Нургалиев Д.Ж., доценттер С.Х. Хамзин, Суханбердина Ф.Х., доценттер Острецова Т.П., Бисалиев Н.Б., ассистенттер: Шопаев А.Ш., Өскенбаева З.Б., Герасименко Н.И., Бекниязова Д.К., Сүндетова Р.А., Шалекенова С.Е., Давидович С.Г. қызмет жасады.
Мақсаты: педиатриялық мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде өз бетінше жұмыс істеу үшін жоғары білікті кадрларды дайындау және дәлелді медицина қағидаттарына және диагностикалық, емдеу және фармацевтикалық технологиялардың заманауи жетістіктеріне сәйкес дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Қызметі:
№2 балалар аурулары кафедрасы: «Педиатрия» мамандығы бойынша 1 курс бакалаврларын, «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша 6-7 курс интерндерін, «Педиатрия» мамандығы бойынша резиденттерді оқытуды, тәжірибелік педиатр дәрігерлерді біліктілігін арттыру циклдерінде оқытуды жүргізеді. Кафедрада ауқымды педагогикалық, оқу-әдістемелік, клиникалық және ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Кафедра жүргізіп жатқан жұмыстың нәтижесі – жыл сайын тәжірибелік денсаулық сақтау саласында сұранысқа ие білікті мамандарды шығару. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы сонымен қатар Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бөлімшелерінде емдік-клиникалық жұмыстарды жүргізіп, Ақтөбе, Ақтөбе облысы және Батыс Қазақстандағы емдеу мекемелерінде консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуде.
Жетістіктері:
Осы жылдар ішінде кафедрада балалар пульмонологиясының, нефрологиясының және неонатологиясының өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстар атқарылды. Осы қызметтің нәтижесі кафедраның қазіргі және бұрынғы қызметкерлерінің кандидаттық және кандидаттық диссертацияларын қорғау болды. Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балалардың денсаулығы мен репродуктивті денсаулығын сақтаудың жаңа технологияларын әзірлеу» ғылыми-техникалық прогрестің жұмысының жекелеген фрагменттерін аяқтады. Соңғы 5-10 жыл ішінде кафедра қызметкерлері 400-ден астам ғылыми жарияланымдарды шығарды, 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдары мен әдістемелік ұсыныстарды басып шығарды, өнертабыстарға 4 алдын ала патент және авторлық куәліктер алды.
Қазіргі уақытта университетішілік грант шеңберінде «Коронавирустық инфекциямен ауыратын балалардың жүрек-қантамыр жүйесінің клиникалық-функционалдық көрсеткіштері және түзету шараларының кешенін әзірлеу» тақырыбы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Байланыстар:
Ақтөбе қаласы, Шестихатка тұрғын алабы, 471а, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы. 471А, жилой массив Шестихатка, Актобе, электрондық пошта: db.2@zkmu.kz