Дене тәрбиесі кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Дене тәрбиесі кафедрасы

Кафедра басшысы

Колдасбаева Багила Джумабаевна, педагогика ғылымдарының магистрі. Кафедрада 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Қ. Жұбанова атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 10.02.2024ж «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғады. Scopus базасында 5 мақаласы, 9 мақаласы ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК, 4 оқу құралы, халықаралық конференцияларда 18 жарияланымы бар.

Кадрлық құрамы

Қазіргі уақытта кафедрада 17 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 қауымдастырылған профессор (доцент), 6 аға оқытушы, 13 магистр, 1 ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы бар.

Бобырева Марина Михайловна п.ғ.к., қауымдастырылған профессор, 2002 жылдан бастап жұмыс жасайды, черлидинг бойынша спорттық жетілдіру тобында жаттықтырушы болып табылады.

Канапина Роза Биржанова – педагогика ғылымдарының магистрі, КИС құрастыруға жауапты аға оқытушы, кафедрада 2003 жылдан бастап жұмыс істейді.

Жетимеков Еркин Тлешович – педагогика ғылымдарының магистрі, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, кафедрада 2002 жылдан бастап жұмыс істейді.

Дема Елена Владимировна – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы кафедрада 2004 жылдан бастап жұмыс істейді.

Шалгинбаев Ерлан Жоламанович – «Сұңқар» спорт клубының жетекшісі, оқытушы, кафедрада 2001 жылдан бастап жұмыс істейді, шағын футболдан спорттық жетілдіру тобының жаттықтырушысы.

Науанов Мирлан Сәкенұлы – оқытушы, кафедрада 2009 жылдан бастап жұмыс істейді, гір спорты және армрестлинг (ұлдар) бойынша жаттықтырушы.

Бисенгалиев Сактапберген Уалиевич – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, кафедрада 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, волейболдан жаттықтырушы (қыздар).

Айтжанов Галихан Жумажанович – оқытушы, кафедрада 2001 жылдан бері жұмыс істейді, КСРО спорт шеберіне кандидат, еркін күрестен жаттықтырушы (ұлдар).

Елубаев Кенжебек Елубайұлы – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, кафедрада 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, баскетболдан жаттықтырушы (ұлдар).

Бақытұлы Болатбек – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, кафедрада 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, еркін күрес секциясының жаттықтырушысы.

Дуанбеков Асылхан Амирханович – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, спорт шеберіне кандидат, кафедрада 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы болып табылады.

Пак Тамара Владимировна – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, кафедрада 2009 жылдан бері жұмыс істейді.

Молдагазина Нурсулу Айтмухамбетовна – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, кафедрада 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, таеквон-до бойынша жаттықтырушы.

Әміров Еркебұлан Мәлікұлы – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, кафедрада 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, волейболдан жаттықтырушы (ұлдар).

Абилхаламов Канат Ганиевич – оқытушы, кафедрада 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, спорт шеберіне кандидат, үстел теннисінен жаттықтырушы.

Естлеуов Сагдат Амангалиевич – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, кафедрада 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, спорт шебері, белбеу күресінен жаттықтырушы.

Азамат Мұқанбетқалиұлы Байтасов – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, кафедрада 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, гір спорты және армрестлинг бойынша жаттықтырушы (қыздар).

Құру тарихы

Дене шынықтыру кафедрасы 1959 жылы құрылды және кафедраның бірінші меңгерушісі болып Николай Семенович Ли тағайындалған, ол 1959 жылдан 1975 жылға дейін осы қызметте жұмыс жасады.

1968 жылдан 1975 жылға дейін Китаров Анвар Сапарович кафедраның аға оқытушысы болып жұмыс істеді, ал 1975 жылдан 1980 жылға дейін кафедра меңгерушісі болды.

1980 жылдан 1984 жылға дейін кафедра меңгерушісі Вениамин Никанорович Перегудов болды.

1970 жылдан 1984 жылға дейін Ж.А. Айпейсов кафедрада аға оқытушы болып жұмыс жасады. Кейіннен кафедра меңгерушісі болды.

Бір спорт залы болғанына қарамастан, студенттер спортпен белсенді айналысты. Баскетбол, волейбол, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, күрес және басқа да түрлер секциялары жұмыс істеді.

1971 жылы дене шынықтыру кафедрасы жаңа ғимарат әскери-спорттық корпусқа көшіріліп, тағы бір спорттық залы қосылды, содан кейін екі теориялық ғимарат, тағы екі спорт залы мен стадион берілді.

2017 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қазанына дейін дене тәрбиесі кафедрасының жетекшісі Еркін Тілекұлы Жетімеков болды.

Мақсаты

Студенттердің әлеуметтік – жеке құзыреттерін және кәсіби қызметке дайындалу үшін денсаулықты сақтауды, нығайтуды, дене шынықтыру құралдары мен әдістерін мақсатты пайдалану қабілетін қалыптастыру; болашақ еңбек қызметінде физикалық күш-жігерді, жүйке-психикалық стресстерді және қолайсыз факторларды тұрақты көтеруді қамтамасыз ету

Қызметі

Кафедраның функционалдық міндеттеріне «Медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Педиатрия», «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламаларының студенттерімен дене шынықтыру бойынша оқу-практикалық сабақтар өткізу кіреді, онда: жеңіл атлетика, спорттық ойындар (баскетбол, волейбол, бадминтон), шаңғы жаттығулары, ритмикалық гимнастика. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша кафедра оқытушылары студенттердің салауатты өмір салты мен сауықтыруға деген ынтасын қалыптастыруға, сондай-ақ студенттерді дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында білім алушылармен әңгімелер өткізеді.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да заманауи спорттық база бар, оған мыналар кіреді:

– «Жастар арена» спорт кешені, онда дене шынықтыру бойынша практикалық сабақтар, сондай-ақ университет ішілік түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі.

– 3 ойын спорт залы (СК1, СК2, ӘСК);

– 1 шағын зал;

– тренажерлары бар зал, ауыр атлетикамен айналысуға арналған тұғыр;

– шаңғы базасы.

 

Жетістіктер

Спорт клубы құрылған сәттен бастап: 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 спорт шебері, 20 спорт шеберіне кандидат, 1 спорттық дәрежелі 32 студент дайындалды. Кафедра қызметкерлері бірнеше рет түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен марапатталды.

Байланыс:

Мекен – жайы: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 72, 2 қабат

Телефон: +7-778-2148680

E-mail: fizvospitanie@zkmu.kz