Жалпы хирургия кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Жалпы хирургия кафедрасы

Басшылық:

Джаканов Мұрат Кенестікұлы, м.ғ.д., ассоциирленген профессор, жоғары санаты хирург, 2009 жылдан бастап кафедрасының жетекшісі. 1996 ж. АММИ үздік дипломымен бітірді. 2001 ж. ол кандидаттық, 2010 ж. докторлық диссертацияларды хирургия мамандығымен бойынша қорғады. 2011 жылда оған медицина ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі берілген.

Ғылыми басымдықтары: шұғыл абдоминальдық хирургия, эндовидеохирургия, диабеттік табан синдромы.

Онымен 110-ден астам жарияларға, монография, 4 оқу құралға, 10 өнертабысқа ие болады.

2016 ж. бауыр трансплантациясы бойынша Сеул ұлттық университетінің госпитальда іс-тәжірибе өтті.

Қазақстан Республикасы ДСМ 2012 ж. “Құрмет грамотасы” және 2020 ж. “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” белгісімен марапатталды.

Кадрлық құрам:

  1. Джаканов Мұрат Кенестікұлы, м.ғ.д., ассоц. профессор, кафедра жетекшісі;
  2. Тайшибаев Қайрат Рысжанұлы,м.ғ.м., кафедра доценті;
  3. Ғайноллина Гулнүр Ғайноллақызы, м.ғ.м., кафедра ассистенті;
  4. Сағынғанов Серік Кәдірбекұлы, кафедра ассистенті;
  5. Бралов Ибрагим Ильбаевич, кафедра ассистенті;
  6. Өтенова Алмажан Калиқызы, кафедры офис-менеджері.

Құрылу тарихы:

Жалпы хирургия кафедрасы 1959 ж. ұйымдастырылды. АММИ – ның бірінші ректоры медицина ғылымының кандидаты, хирург Даиров Алмағамбет Бекешұлы. Сонымен қатар, ол Ақтөбе балқыту және хром қосындысы заводының № 1 медициналық бөлімінің емдеу базасында орналасқан жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі болған.

1960-2022 ж. кафедра Теміржол ауруханасында орналасқан.

Кафедраның бірінші қызметкерлері: Леонид Григорьевич Памурзин, Владимир Семенович Курапин, Полина Игнатьевна Юрочкина.

Әр жылдардағы кафедра меңгерушілері: Р.М. Козачинский, Ж.М. Сиджанов, В.И. Савицкий, Л.Г. Памурзин, Б.И. Баспаев, С.Н. Кобландин, А.Е. Тулеуов, М.К. Телеуов, Н.А. Ақатаев, М.Н.Изимбергенов,Т.А.Джаркенов, О.М. Курмангалиев, Б.С. Жакиев.

Кафедрада профессор жұмысын атқарған: м.ғ.д., профессор С.Ж. Сахипов; доцент жұмысын атқарғандар: м.ғ.к. Ф.У. Фетисов, м.ғ.к. О.Ш. Шайхиев, м.ғ.к. С.Ж. Жармағамбетов, м.ғ.к. Е.А. Сигида, м.ғ.к. Т.Қ. Дүзелбаев, м.ғ.к. А.Б. Байжарқынова. Ассистенттері: У.А. Алниязов, А.Г. Харитонова,А.Б. Баймусаев, Ж.А. Доскалиев, А.Г. Альмамбетов, В.Н. Камдаев, Х.К. Аргинов, Ш.М. Жүргенбаев, Қ.Ж. Жанабаев, Т.Қ. Құлжабаев, Н.Б. Айбасов, Б.А. Ажмұратов, Д.Б. Есенбаев, Қ.С. Иманбаев, А.С. Қойшыбаев.

Мақсаттары: Білім алушылардың хирургиялық патология, сондай-ақ ғылыми зерттеу негіздері бойынша білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Қызметі:

Оқытылатын білім беру бағдарламалары (БББ):

  1. «Жалпы медицина», пәні «Жалпы хирургия», 3 курс, мемлекеттік, орыс және тілдерде;
  2. «Мейіргер ісі», пәні «Хирургиядағы мейіргерлік күтім», 1 курс;
  3. «Стоматология», пәні «Жалпы хирургия», 3 курс;
  4. «Әскері медицина», пәні «Жалпы хирургия», 3 курс;
  5. «Пластикалық хирургия, ересек, балалар» (резидентура), 2023 ж.б.

Ғылыми қызметтің тақырыптары деструктивті панкреатитті, механикалық сарғаюды, диабеттік аяқты емдеу, сынықтар кезінде иммобилизациялық шиналарды 3D-басып шығару мәселелері болып табылады, олар бойынша гранттық қаржыландыру бойынша ҒТП орындалды.

Емдеу-консультациялық жұмыс Марат Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығының шұғыл хирургия бөлімшесінде жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері Қарғалы қалалық ауруханасында, № 1 қалалық емханада, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның батыс облыстарының емдеу мекемелерінде практикалық денсаулық сақтауға көмек көрсетеді.

Жетістіктері:

Кафедра қызметкерлері ЖОО ішіндегі гранттық қаржыландыру бойынша ҒТЖ-ны, оның ішінде студенттік ҒТЖ-ны сәтті орындады. ҚР ҒЖБМ-ның гранттық қаржыландыруға, сондай-ақ ЖОО ішіндегі грантқа өтінімдер берілді. Кафедраның ПОҚ сапасын, оның ішінде дәрежелілігін, арттыру шеңберінде. асс. Тайшибаев К.Р. медицина магистрі дәрежесін қорғады, ал асс. Ғайноллина Г.Ғ. 2023 ж. докторантураға түсті.

Байланыс: Жанаконыс шағын ауданы, 8, Марат Оспанов атындағы БҚМУ МО, 8 қабат, general.surg@zkmu.kz

Фотогалерея