Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының жетекшісі

Ермуханова Людмила Сергеевна, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

2014 жылдан бастап кафедра жетекшісі. 2010 жылы «Өнеркәсіптік қаланың атмосфералық ауасының ластануының гигиеналық сипаттамасы және оның халықтың иммундық мәртебесіне әсерін бағалау (Ақтөбе қаласының мысалында)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

2020 жылы «Қауымдастырылған профессор» атағын алды. Scopus халықаралық базасында Хирш индексі – 6. Scopus, Web of science халықаралық базаларында 17 мақала, сондай-ақ басқа басылымдарда 100-ден астам мақаласы жарияланды. 1 монографияның, 2 оқу құралының, 5 әдістемелік ұсыныстың, 2 глоссарийдің авторы.

«Отличник здравоохранения», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» и «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ ҚР ДСМ және көптеген ҚР-ның бірқатар мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

2022-2023 оқу жылында ЖОО ішілік конкурсының нәтижелері бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», 2 – ші жүлделі орынға ие болды, ал 2023 жылы өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелері бойынша «Үздік оқытушы» Республикалық конкурсының жүлдегері атанды.

Кадрлық құрам

Кенжебаева Индира Байбосыновна – м.ғ.к., ЖАК доценті.

Абдикадирова Индира Темирхановна, PhD, доцент.

Тажбенова Сауле Тажединовна, PhD, доцент.

Айтмағанбет Перизат Жақсыбайқызы, PhD, доцент.

Артыкбаева Марал Алпамысовна, денсаулық сақтау магистрі, аға оқытушы.

Куспангалиева Галя Сагингалиевна, медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Бекбауова Аймира Упуовна, медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Умбетов Мирас Умбетович, медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Достанова Жанар Анатольевна, медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Таушанова Майя Карибаевна, медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Турдалина Кунзира Букейхановна, медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Анафина Алтынай Мухитовна, МВА магистрі, оқытушы.

Ляхов Сергей Сергеевич, менеджмент магистрі, оқытушы.

Қайыржан Бақтияр Балмұқанұлы, медицина ғылымдарының магистрі, оқытушы.

Макашева Алия Маратовна, медицина ғылымдарының магистрі, оқытушы.

Артыкбаева Айгуль Избасаровна, офис-менеджер.

Құрылу тарихы

«Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасы 1961 жылы 21 тамызда институт ректорының №126 бұйрығымен құрылды. Кафедраның бірінші жетекшісі м.ғ.к., доцент Ищенко Н.П. (1961-1973жж.) болды.

1960-1961 жылдар аралығында «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» курсын м.ғ.к. И.Е. Кузнецова басқарды. «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» курсы А.М. Мусабеков және Г.А. Ременюк басқаруымен жалпы гигиена кафедра құрамында болды.

70-ші жылдары «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасы «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраны патофизиолог-профессор К.У. Қасенов (1973-1977жж.), гематолог-доцент В.П. Векленко (1986-1990жж.) және дерматовенеролог-доцент И.К. Миралиев (1990-1993жж.) басқарды.

1993-2003 жылдары кафедраны профессор, м.ғ.д. Душманов С.Х. басқарды. 1994 жылы «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасы «Медицина тарихы курсымен әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасы болып өзгертілді.

2003 жылдан бастап кафедра «Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару» курсына айналды, онда курсқа жауапты доцент К.К. Қалдыбаев болды.

2010 жылдан «Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасы болып қайта құрылды.

2010-2014 жылдары кафедраны м.ғ.к., доцент К.К. Қалдыбаев басқарды.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытта кафедраны м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ермуханова Л.С. басқарады. Ректордың бұйрығымен кафедра «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасы болып өзгертілді.

Мақстаттары

Құзыреттілік деңгейін үздіксіз арттыру және шығармашылық бастаманы дамыту арқылы қоғамдық денсаулық сақтау және мейірбике ісі саласындағы өзгермелі жағдайларға бейімделуге дайын заманауи ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жоғары білікті бәсекеге қабілетті медициналық бейіндегі мамандарды даярлау.

Қызметі

«Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргер ісі» және «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» білім беру бағдарламалары бойынша 3 деңгейлі (бакалавриат, магистратура және докторантура) денсаулық сақтау саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ оқытудың ресми және бейресми әдістерін пайдалана отырып, қосымша білім беру.

Жетістіктері

  • Кафедра оқытушысы Е.У. Рахманов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Италияда магистратураны және Қытайда докторантураны аяқтады.
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетін бітірген кафедрамыздың студенттік ғылыми үйірме студенттері Н.Ажкеева мен К.Киматова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияда магистр дәрежесін алды.
  • 2012 жылы біздің кафедраның оқытушысы Бекбауова Аймира Упуовна «Жылдың үздік кураторы» атанды.
  • Байқау қорытындысы бойынша «Менеджер» студенттік ғылыми үйірмесі 2016 жылы «Үздік ғылыми үйірме» атағын алды.
  • Кафедра оқытушылары Эрасмус+ProInCa «Мейіргерлік саласындағы жоғары білім берудің инновациялық әлеуетіне жәрдемдесу» бағдарламасына белсенді қатысты.
  • 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап кафедра базасында «Мейірбике ісін жетілдіру орталығы» ашылды.
  • Қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. Л.С. Ермуханова «Отличник здравоохранения», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ ҚР ДСМ және көптеген ҚР-ның бірқатар мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
  • Қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. Л.С. Ермуханова 2022-2023 оқу жылында ЖОО ішілік конкурсының нәтижелері бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», 2 – ші жүлделі орынға ие болды, ал 2023 жылы өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелері бойынша «Үздік оқытушы» Республикалық конкурсының жүлдегері атанды.
  • 2023 жылы кафедра доценті И.Т. Абдикадирова «Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасын» алды.
  • 2023 жылы кафедраның аға оқытушысы Ж.А. Достанова мейірбике ісін дамытуға қосқан үлесі үшін «Марат Оспанов атындағы» төсбелгісін алды.

Байланыс

«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы – Маресьев көшесі 70 үй, №2 оқу ғимараты, 2 қабат, сол жақ қанат. Жұмыс телефоны: 56-46-91, электрондық почта – smioz@mail.ru

Фотогалерея