70-і жылдары XX жүзжылдықта жедел шұғыл медициналық көмек жеке медициналық дисциплина ретінде дамуы және құрылуы медициналық ЖОО-ң студенттеріне әр түрлі мамандықта дәрігерлерді дайындауда білім беруді қажет етті. Осыған байланысты ССРО денсаулық сақтау Министрлігінің «Елдегі медициналық оқу орындарында анестезиология және реаниматология доценттік курстары және кафедасын құру туралы» бұйрығы негізінде Қазақстанда алғашқылардың бірі ретінде 1976 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында жеке анестезиология және реаниматология доценттік курсы құрылған. Курс меңгерушісі м.ғ.к., доцент К.Ж. Жанабаев және ассистенті м.ғ.к. Б.У. Утегалиев тағайындалды, олар сәйкес маман ретінде 1972 және 1974 жылдары осы дисциплина бойынша білім беруді бастады.

Доцент К.Ж. Жанабаевтың жетекшілігімен курстың құрылуы және оқу, әдістемелік, техникалық, материалдық базаның дамып нығайуы жүрді. Ол облыстың бас анестезиолог-реаниматологы ретінде, Бүкілодақтық Басқару қоғамының мүшесі ретінде курста субординатура, интернатура және клиникалық ординатура арқылы дәрігерлерді дайындау сұрақтарына көңіл бөлді, олар қазіргі таңда тек қана Қазақстан Республикасының емдеу мекемелерінде ғана емес, жақын және қашық шет ел емдеу мекемелерінде де қызмет етуде: Земцев Д.Ф. (Израиль), Забиров Р.Г., Нургалиев И.Н., (Россия), Сорокина Г.А. (Украина) және көптеген басқалары.
Жанабаев Кызыл Жексеновичтің зейнеткер демалысына кетуіне байланысты 1999-2005жылдар аралығында анестезиология және реаниматология курсын м.ғ.к., доцент Утегалиев Бахитжан Утегалиевич меңгерді.
Олар қаланың алғашқы бірден-бір анестезиолог-реаниматологтарының бірі болып, өзінің көп еңбек жылдарын анестезиология және реаниматологияға арнай отырып, Ақтөбе облысының және барлық Батыс Қазақстан бойынша анестезиологияжәне реаниматология қызметінің аяғына тұруына және дамуына үлкен үлесін қосқан. Олармен осы кәсіб бойынша бірнеше буын мамандар дайындалды.
2006 жылдан басатап кафедраны медицина ғылымдарының докторы Саркулова Жанслу Нукеновна басқарды.
Жанслу Жукеновна Оренбург облысы Орск қаласында дүниеге келіп өскен. 1982 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірді. Реаниматология және анестезиология мамандығы бойынша алғашқы дайындықты Украинада Запорожъе қаласында өтті. Маман ретінде Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханада дәрігер анеатезиолог-реаниматолог болып 1982 жылдан 1993 жылға дейін жұмыс жасады. Жұмыс бастағаннан алғашқы күндерінен бастап ғылыми жұмысқа талпыныс бар екенін, алдына қойған мақсатқа жетуге талпынатындығын, ұжымның қоғамдық жұмысына белсенді қатысатындығын көрсетті. 1993 жылы Жанслу Нукеновна конкурс бойынша Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының анестезиология-реаниматология курсына ассистент ретінде жұмысқа алынды. Кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін 1999жылдан 2002жыл аралығында анестезиология және реаниматология бойынша бағдарламала докторнатурада оқыды. 2005 жылы «Ауыр формадағы жайылмалы перитониттегі анестезия және қарқынды ем» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2010 жылы халықтың денсаулығын сақтауға қосқан үлкен еңбегі және жетістігі үшін облыстың «Үздік дәрігері» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жоғары дәрежелі дәрігер анестезиолог,реаниматолог атағы бар. 2007 жылы Марат Оспанов Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінде анестезиология-реанимотология кафедрасы , травматология, ортопедия ж/е ВПХ курсымен құрылды. 2011 жылы Қазақстанда бірінщі рет кафедра Жедел медициналық көмек, анестезиология ж/е реанимотология нейрохирургиямен қайта құрылды.
2017 жылы кафедра құрылымын қайта қарау және жеке түрде өзбетті жедел шұғыл медициналық көмек кафедрасын ашу туралы шешім қабылданды.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент: Садуов Мухтар Абдуалиевич басқарады.
Садуов Мухтар Абдуалиевич. – м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер хирург. Педагогикалық стажы – 18 жыл. Авторлық куәлігі – 3. Жазылған ғылыми еңбегі –38 . Ғылыми жұмыстарының бағыты – хирургиядағы іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу және емдеу.

Усенова Махира Берденовна – кафедра ассистенті, дәрігер аллерголог. Педагогикалық стажы – 7 жыл.Жазылған ғылыми еңбегі – 4.

Жубанышев Мурат Хайрошевич – кафедра ассистенті, жоғары санатты дәрігер анестезиолог–реаниматолог. Педагогикалық стажы – 5 жыл. Жазылған ғылыми еңбегі – 3.

Сисенова Жадыра Алдебаевна. – кафедра ассистенті, бірінші дәрежелі дәрігер терапевт. Педагогикалық стажы – 2 жыл. Жазылған ғылыми еңбегі – 1.
Макарова Эльнара Акылбаевна . – кафедра ассистенті, дәрігер хирург. Педагогикалық стажы – 2 жыл. Жазылған ғылыми еңбегі – 1.Кулманова Нургуль Ережеповна. – кафедра ассистенті, дәрігер хирург. Педагогикалық стажы – 2 жыл. Жазылған ғылыми еңбегі – 1. Кафедра қызметкерлері жедел шұғыл медициналық көмек саласын оқыту барысында үнемі жаңа ізденістер үстінде. Оқу процесінің методологиялық негіздері студенттерге жедел шұғыл медициналық көмек, анестезиология және реаниматологияны клиникалық медицинаның жеке бөлімі ретінде толық түсінік алуға мүмкіндік береді, организмнің өмірге маңызды қызметтерінің әртүрлі бұзылыстары кезінде қалпына келтіру немесе басқарудың біріккен әдістерін қолдана отырып, науқасты төтенше жағдайлардан қорғаудың теориялық және практикалық сұрақтарын оқытып үйретеді. Кафедрада қызметкерлер оқу процесінен тыс ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Біздің кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты критикалық науқастардағы іріңді-септикалық асқынудың профилактикасы мен емі, детоксикацияның заманауи эфферентті әдістері, жедел церебральды жетіспеушілік мәселелері, медицинаның әр түрлі бөлімдеріндегі актуальды проблемалары болып табылады. Кафедра қызметкерлері ғылыммен айналысуды өздерінің жұмыстарының басты аспектісі ретінде есептейді, ол жоғарғы оқу орнында және жедел шұғыл қызметте дисциплинаны жоғары деңгейде үйретуді қамтамасыз етумен ғана емес, сонымен қатар Республикамыздағы медициналық қоғамның арасындағы біздің университетіміздің жоғарғы имиджін насихаттау.
Әр түрлі жылдары шығарылған оқу, методикалық, тәжірибелік пособияларда және ұсыныстарда кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары жинақталған: «Хирургиялық практикадағы критикалық жағдайлардың емі», «Хирургиялық практикада детоксикациялық терапия әдістері», «Жүкті және эклампсиямен босанушы әйелдерде өкпенің жасанды желдетуін өткізудің жалпы әдістері», «Қарқынды емдеу тәжірибесіндегі науқастарды кутудің жалпы қағидалары», және т.б