Терапиялық жән ортопедиялық стоматологияның кафедрасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Терапиялық жән ортопедиялық стоматологияның кафедрасы

Басшылық

Курманалина Мадина Ақдаулетовна – кафедра жетекшісі. 2005 жылы Марат Оспанов атындағы БҚМУ стоматология факультетін үздік бітірген. Интернатураны тәмамдағаннан кейін 2006-2011 жылдар аралығында осы университетте терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасында қызмет еткен. 2012-2014 жылдыр аралығында АҚ «Астана медициналық университетінде» стоматология және Бет-жақ хирургиясы кафедрасында жұмыс жасаған. 2014 жылдан 2021 жылға дейін интернатура және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының асиситенті болып жұмыс істеген. 2016 жылы асс.проф Ураз.Р.М жетекшілігмен тақырыбы: «Марат Оспанов атындағы БҚМУ студенттері арасында парадонт ауруы және соматикалық патологияның байланысы» магистрлік диссертацияны қорғады. 2020 жылы «Созылмалы апикальді периодонтитті емдеуде екі фазалы кальций фосфат биоматериалын қолданудың клиникалық-радиологиялық негіздемесі» тақырыбында PhD докторлық диссертациясын қорғады, ғылыми жетекшісі асс.проф Ураз.Р.М, ғылыми кеңесшілер м.ғ.д. П.Страдыня атындағы Рига медициналық университетінін профессоры Скагерс.А.А және Рига техникалық университетінін PhD докторы Янис Лочс. 2021 жылдан 2023 жылға дейін хирургиялық және балалар стоматологиялық кафедрасында доцент болып жасаған. 2023 жылдың сәуірінен бастап терапиялық және ортопедиялық стоматологиялық кафедрасының жетекшісі болып табылады. Біліктілігі жоғары санатты дәрігер. 30-дан астам ғылыми жарияланымы бар.

Кадрлық құрам

Амантаева М.Р.– медициналық ғылымдарының магистрі, кафедра ассистенті.

Султанова Г.Д. – кафедра доценті.

Абашева Г.А.– кафедра ассистенті.

Рзаева Ж.С. – кафедра ассистенті.

Кулмурзин Е.К.– кафедра ассистенті.

Жакан А.К. – кафедра ассистенті.

Исбулатов Е.С. – кафедра ассистенті.

Исаева Г.К. — кафедра ассистенті.

Көпенова Ғ.Ы. — кафедра ассистенті.

Уразалина М.М. – кафедра ассистенті.

Таганова Д.А. – кафедра ассистенті.

Бакбергенов М.М. – кафедра ассистенті.

Коптлеуова А.Ж. – кафедра ассистенті.

Дисикуш Н.И. – кафедра ассистенті.

Арыстанова И.Б. – кафедра ассистенті.

Оразева Ү.К.– кафедра стажері.

Калауова П. Н.– кафедраның офис-менеджері

Құрылу тарихы

Стоматология кафедрасы 1999 жылы құрылған,оны құруға қатысқан м.ғ.к Беким Айтжанулы Умбетьяров (кафедра жетекшісі) және ассистенттерден Г.С.Ақжарова, Р.М.Ураз, Г.Б.Жанабаева және А.А.Таганиязова. Кафедрада терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология және ортодонтия сияқты пәндер оқытылды. 2010 жылға дейін кафедра хирургиялық және терапевтік стоматология кафедрасының құрамында доцент Б.А.Умбетьяровтың жетекшілігінде болды. 2010-шы жылы доцент Г.Б.Жанабаеваның жетекшілігімен терапевтік және ортопедиялық стоматологиялық кафедрасы құрылды. 2017-2023 жылдар аралығында кафедраны м.ғ.к. Жолдасова Н.Ж. басшылық етті. 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін терапевтік-ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі PhD Құрманалина М.А.

Мақстаттары

Жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Қызметі

Кафедрада оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқу процесіне ТВЛ, CВL сияқты оқытудың инновациялық әдістері, сондай-ақ «рөлдік ойын», «ми шабуылы» сияқты және т.б. оқыту әдісі белсенді енгізілуде. Мәселелік және кіріктірілген дәрістер үнемі оқылады.Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүргізілуде.

Кафедрада терапиялық және ортопедиялық кабинеттер, тіс протездерін жасау технологиясы бойынша фантомдық класс және жеке тіс техникалық зертханасы жұмыс істейді. Барлық кабинеттер заманауи жабдықтармен және материалдармен жабдықталған.

Жетістіктері

Кафедра құрылған күннен бастап студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. Үйірме мүшелері стоматологиялық клиника базасында жыл сайын жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсына отырып, халықаралық, республикалық, жоғары оқу орындары конференцияларында жүлделі орындарға ие бола отырып, науқастарды өз бетінше қабылдайды.

Байланыс

Маресьев көшесі 76, 2 қабат, 214 каб. Электрондық пошта: ter.ortstom@zkmu.kz

Фотогалерея